Алла тағалаға ризашылық білдіруіміздің 10 себебі

Алла тағалаға ризашылық білдіруіміздің 10 себебі

Тағы да бір күн басталды, біз тоқтаусыз, тынымсыз тіршіліктің тұтқынына айналып, күйбең тіршіліктің мазасыз түрлі мәселелері мен өкпе-реніштің әуресімен жаңа күнімізді жалғастырып жатамыз. Тіршілік үшін жарыста адамдардың асау толқынының арасында бір тұрып, бір жығылып, өкпеміз өшкенше жарысамыз, алайда мұны әрқашан өзіміз де мойындағымыз келмейді.

Айнаға бір қарап алып, жақсы көрініп тұрмыз деп жұмысқа немесе кезекті кездесуге қарай алып ұшамыз. Біздің он екі мүшемізді аман-сау етіп, кескін-келбетті берген және түрлі нығметтер сыйлаған Ұлы Жаратушымызға алғыс білдіреміз бе?

Алла Тағалаға таңертең осы нығметтері үшін ризашылығымызды білдірудің 10 себебі:

1. Сіз таңертең ояндыңыз... Алдыңызда тағы да ізгі істеріңіздің багажын толтырып, жақсылығыңызды арттыратын немесе өз күнәңізге кешірім сұрап, тәубе етуіңіз үшін тағы да бір күніңіз бар, тағы бір мүмкіндігіңіз бар.

2. Төсектен тұрдыңыз, сіз денеңізде ешқандай сырқат пен жағымсыз әсерлерді байқамайсыз. Сізге соншалықты күш, қуат пен денсаулық берген Жаратушыға алғыс айтыңыз, себебі, кейбір жандарда бұл нығметтер де жоқ.

3. Сергек болып, жаңарып, салқын сумен жуынған, душ қабылдаған жақсы-ақ... Ал кейбір жандар тіпті ішуге ауыз су таба алмай отыр.

4. Сіз қалаған өнімдерді сатып алу мүмкіндігіне иесіз, ал миллиондаған адамдардың жердің әрбір түпкірінде үнемі ашқұрсақ жүретіндігін білесіз бе?

5. Алла Тағала сізге барлық дәм сезу қабілеттерін берді, сіз жеген әрбір тағамның дәмін сезе отырып, рақаттанасыз, бойыңызға күш, қуат аласыз. Алайда кейбір адамдардың дәм сезу мүшелері жарамсыз болғандықтан, тек құр жегені болмаса, ешбір тамақтың дәмін сезінбейді.

6. Алла сізге таңның рауандап атуы мен күннің батуын, тау шыңдарын, гүлдер әлемін тамашалауға мүмкіндік берді. Сіз осы үйлескен тамаша сұлулықты көрмей де өмір сүруіңіз мүмкін еді ғой, онда қалай болар еді?!

7. Сіз есту қабілетіңіздің нәтижесінде құстардың әуені мен теңіз толқындарының тебіренісін, жаңбырдың сыртылын естисіз... Ал көптеген ғаріп жандардың бұл есту қабілетінен айрылғанын сезінесіз бе?!

8. Сіз өзі ұлыңыздың әсем күлкісіне қуанып, қызыңыздың жұмсақ шаштарын сипалайсыз, бірақ та кейбір жандар осы бала өсіру бақытына қол жеткізе алмаған.

9. Сіз жұмыс күнінен кейін тәтті ұйқыға батасыз, базбіреулер қиындық пен шешілмеген мәселелерден, сан түрлі ауыртпалықтардан тіпті бірер сәт те ұйқы көрмейді.

10. Ұлы Жаратушы сізге өзін тануды, шүкіршілік етуді, оны мадақтап, өзіне бойұсыну бақытын берді, ал кейбіреулер дүниелік істердің құлы болып, Жаратушысынан бет бұрып, есеп күнінен жаңылып, адасып ғапылдықта ғұмыр кешуде. Алла оған дұға етіп, қолдарын көтеруге мүмкіндік бермейді, көзінен өкініш пен тәубеге толы тамшы жас шығып, кем дегенде жүрегі ашылып, "Аллаға мадақ", "Алла пәк", "Алладан басқа Тәңір жоқ" деген сөздерді айта алмай кетеді. Ал ертең Алла қаласа, бізді алдан тағы да бір күн күтеді...

 islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста