Алла сүйген құлдың мынандай ерекше белгілері бар
Ауру адамды өзіне зиян әкелетін белгілі бір тамақтан сақтандырғанымыз секілді Алла тағала да сүйген құлын дүниеден қорғайды. Дүние берсе де, оны жүрегіне кіргізбейді, соңынан қудырмайды;
⠀
Оған құлшылықтың түрлі есіктерін ашып береді;
⠀
Оған ізгі амалдардың түр-түрін үйретеді;
⠀
Шынайы дұға жасауға әкелетін істі тапсырып қояды;
⠀
Жолынан Алланы еске түсіріп тұратын жақсы адамдарды кездестіреді.
⠀
Салиқалы адамдарды жақсы көргізеді, салиқалы адамдар мұны да жақсы көретін болады;
⠀
Мешітке жиі барғызады;
⠀
Өзін жиі еске алғызады;
⠀
Күнә мен оның арасына қорған қояды;
Жанына тура жолдан тайғандарды жолатпайды;
⠀
Оған Құран оқығаннан ләззат алдырады;
⠀
Оны Пайғамбарына (с.а.у.) ғашық етеді;
⠀
Жүрегінен Өзінен алыстататын істі алып тастайды;
⠀
Оны даудан қашырады;
⠀
Дәрет, намазға асықтырады;
⠀
Ондай жанның тілі истиғфардан босамайды.
⠀
Шади Альмасридан орысшаға аударған Iman Kuanyshkyzy. Мен қазақшаладым. Осы тізімге қараңыз да ойланып көріңізші. Алла жақсы көретін жандардың қатарындасыз ба? Өміріңізде қай пункт бар?
Марфуға Шапиян