АЛЛА РИЗАЛЫҒЫ МЕН АЛЛАДАН ҚОРҚУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

АЛЛА РИЗАЛЫҒЫ МЕН АЛЛАДАН ҚОРҚУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Үйінен шыққан әрбір кісі әлбетте екі ту астына алынады. Оның біреуі бір періштенің, келесісі де бір шайтанның қолында болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.

Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деді:

 

 «Адамның қадірі – діни тақуалығымен, адамгершілігі – ақылымен, тектілігі мен құрметтілігі – мінезіменен болады». (Сүнән Дарақұтни)

 

Пайғамбарымыз (с.а.у):

 

 «Үйінен шыққан әрбір кісі әлбетте екі ту астына алынады. Оның біреуі бір періштенің, келесісі де бір шайтанның қолында болады. Егер ол адам Алла ризашылығы үшін сыртқа шықса, періште қолындағы туымен оның артынан ереді. Ол үйіне қайтқанға дейін періштенің туының астында болады. Ал егер Алланың ризашылығы болмаған нәрселер үшін шыққан болса, шайтан туымен артынан еріп, үйіне қайтқанға дейін шайтанның туының астында болады» - деген.

 

Әбу Қатада мен Әбу Дахма (р.а.) былай деген:

 

 Шөл далада бір адаммен кезіктік, ол былай деп айтты: Пайғамбарымыз (с.а.у) мына қолымды ұстап тұрып, Алланың өзіне үйреткенін маған үйретті. Солардың біреуі де мынау еді: «Сен Алладан қорқып, нені тастасаң (тәрік етсең), әлбетте Алла тағала саған, одан да қайырлысын береді».

 

Ибраһим ибн Әдһам хазіретлерінен: Адамның көңілі не үшін Алладан ұзақтайды? – деп сұрағанда ол:

 

 «Адам көңілі, Алланың жек көрген нәрселерін жақсы көргенде Алладан ұзақтайды. Яғни адам, дүниені жақсы көріп, бұл алдамшы, ойын-сауыққа беріліп, мәңгілік өмір мен шексіз-шетсіз нығметтерге толы ақырет үшін амалды тастаса, Алланың жақсы көрмегенін жақсы көрген болады» - деп жауап берген.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста