Алған қарызды қайтармаудың үкімі

Алған қарызды қайтармаудың үкімі

Сұрақ:
Дінді түсінбей жүрген кездерімізде біреудің ақшасын немесе бір затын алып қайтармаған кездеріміз болды. Енді сол адамдардың ақысын қайтарайық десек кімдер екенін ұмытып қалғанбыз. Біреудің ақысын қияметке арқалап кетудің сұрағы ауыр болатынын естіп жатамыз. Осы мәселені түсіндіріп бересіз бе?
 
Жауап:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ант етемін, қиямет күні бүкіл ақылар міндетті түрде иесіне қайтарылады. Тіпті мүйізсіз бір қой үшін мүйізді бір қойдан қысас жасалып, өш алынады»[1] деп біреудің ақысын жеу ауыр күнә екенін ескерткен. Сондықтан, біреуді жазықсыз ұру, ренжіту, ғайбаттау, қаржылай қарыз немесе бір затын алып бермеу аманатқа қиянат жасаған болып саналады. Сол адамнан қандайда бір жолмен болсада дүниеде кешірімін алу шарт. Ал кімге моральдық немесе материалдық жағынан қандай қарызыңыз барын ұмытып қалған жағдайда Алла тағаладан шынайы өкініп, кешірім тілеу керек. Мейрімі шексіз Алла тағала дәрменсіз құлын рахметінен тысқары қалдырмайды.

          Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ұлы Раббысының алдында үмметімен екі кісі есеп айырысады» -дейді.

Бірі: «Уа, Раббым! Кеткен ақымды алып бер» – дейді.

Алла тағала екіншісіне: «Бұл бауырыңның ақысын бер» – дейді.

Екіншісі: «Уа, Раббым! Сауабым таусылды» – деп қарызын қайтаруға дәрменсіздігін айтады. Сонда Алла тағала ақысын сұрап тұрғанға: «Бауырыңның сауапты ісі қалмапты. Енді қайтесің» – дейді.

Ол ақысы кеткен: «Онда менің күнәларымнан алсын» – дейді.

         Міне, осыдан кейін рахым пайғамбары (с.ғ.с) жылағанда көзінен жастар моншақтап: «Ақиқатында сол ауыр күні қиналған адамдар күнәсін арқалатып жіберуді қалайды»-дейді.

        Алла тағала ақысы кеткен адамға: «Жанарыңды жоғары көтер. Жәннәтқа қара» – дейді.

Ол кісі: «Уа, Раббым! Жәннәттан алтынмен апталып, күміспен қапталған, гәухар тастармен безендірілген сарайлар көріп тұрым. Бұлар қандай пайғамбар, қандай сыддық, шәһидтерге әзірленген»– дейді. Алла тағала: «Бұл осы сарайдың ақысын төлеген адамдікі»-деп жауап қатады. Ол кісі: «Уа, Раббым! Кім оның ақысын төлей алмақ» – дейді. Сол кезде Алла тағала: «Оның ақысын сен төлей аласың» – дейді. Кісі: «Уа, Раббым! Мен қалай ақысын өтей алмақпын» – деп үмітсіздене сұрайды. Сонда Алла тағала: «Оның ақысы – мұсылман бауырыңды кешіруің» – дейді. Әлгі кісі (қуаныштан): «Уа, Раббым! Одан бүкіл ақымды кешірдім»– дейді. Сол кезде Алла тағала: «Бауырыңның қолынан ұстап жәннәтқа бірге кіріңдер» – деген.

        Алла елшісі (с.ғ.с): «Алладан қорқыңдар, өз араларыңда жарасып (кешірісіп) алыңдар. Расында Алла тағала қиямет күні мүміндердің арасын жарастырады»[2] деп қайтарылмаған ақының Алла тағаланың араласуымен қияметте кешірімін табатынын айтса, біле тұра біреудің ақысын жеу де ауыр күнә екені айтылған.

 Абдусамад Оқан          

 [1]  Әл-Минһаж фи шархи сахих Мүслим лин Нәуәуй, 2582-хадис.
[2] Ихияү ғұлумуддин лил Ғаззали, 1-том, 653-бет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста