Әке-шешемді сатамын...
Бір күні Токионың бір газетінде "Әке-шешемді сатамын. Әкем 70, шешем 65 жаста.
Бағасы 1000 йен. Одан бір тиын да түспеймін!" - деген хабарландыру шығыпты.
Мұны оқыған жапондар күңіреніп берсін..
"О заманда, бұ заман. Әке-шешесін сатқанды кім көріпті. Сірә, ақырзаман жақын шығар?!"
"Қазіргі жастар бұзылды. Бұдан кейін біздер - жапондар ел болмаймыз", "Мұны жариялауға кім рұқсат берді? Үкімет қайда қарап отыр?" - деген сыңайлы отбасы мен көшедегі сыпсыңдар баспасөзге ауысып, түрлі пікірталастар басталады..
Хабарландыруы бар газеттің біреуі жақында ғана автомобиль апатынан әке-шешесі қаза тапқан жас отбасының қолына түседі.
Өздері қайғыдан қан жұтып отырған жас жұбайларға мынау хабарландыру қатты әсер етеді..
Сатылатын қарттардың жағдайын ойлап жандары жай таппаған олар газетте көрсетілген мекенжайға баруға шешім қабылдайды.
Барып, көзбен көріп әке-шешесін саудаға шығарған безбүйрек балаға айтарын айтееп-айтееп, сұраған сомасын беріп, кемпір-шалды сатып алмақ болады.
Аталған мекенжайға барса, бау-бақшалы, гүлге оранған зәулім виллаға тап болады.
Мүмкін, қателескен шығармыз деп күдіктенсе де қақпаның қоңырауын басады.
Есікті жылы жүзді, тап-тайнұқтай егделеу кісі ашады.
Бұлар келісінің мән-жайын түсіндіріп, қателескендеріне кешірім сұрайды..
- Жоқ, ешқандай қателік жоқ. Кіріңіздер, қазір әйелімді шақырайын! - дейді әлгі кісі
Әйелін ертіп шыққан кісі
- Біз мынау үйдің иесіміз. Бұдан өзге де дүние-мүлкіміз жетерлік..
Өкінішке қарай, құдай бізге перзент бермеді. Сондықтан, мынау үйді қалдыратын жақсы адам іздеуге мәжбүр болып, хабарландыру беріп едік..
Себебі, мұндай хабарландыруға азаматтың азаматы ғана үн қатары белгілі..
Шынымызды айтсақ, қарияларды сатып алатын адам табылмас деп қауіптеніп едік.
Сіздер нағыз адам екенсіздер.
Мынау дүниеге тек сіздер ғана лайықты екеніне зәредей де күмәніміз жоқ..
Өзгеге шын жүректен жасаған жақсылығың өзіңе жасаған жақсылығың..
©️Желіден
Аударған Өмір Шыныбекұлы