Әйеліңіз ашуыңызға тисе...

Бірде Әбу Муслим Хәулани бір топ кісінің әңгімесін естіп қалады. Олар бір-біріне әйелдерін айтып шағымданып жатты. Әбу Муслим әңгімелерін тыңдап үнсіз тұра береді.

Мұны байқаған бір кісі оған:

– Сен неге үндемейсің? Әлде әйелің әулие ме? дейді.

Әбу Муслим:

– Жоқ, менің де әйелімнің кемшіліктері жетерлік, – дейді.

– Онда онымен қалай тіл табысып жүрсің?

– Менде түсініспеушілік пен жанжалдан қашып құтылудың өзіндік әдісі бар.

Жиналғандардың барлығы жалт бұрылысып:

– Ол қандай әдіс? – деп сұрады. Сонда Әбу Муслим:

– Ақыл мен ашу бір жерде өмір сүре алмайды. Ашу адамның санасын жаулап, ақыл-есінен айырады. Бұл мәселеде әйелім екеуміз келесідей келісім жасадық: ашуланған адам ақыл-есі дұрыс емес адамның іс-әрекетін жасайтын болғандықтан, мен ашуланғанда әйелім менің дәрігерім іспетті болады: маған түсіністікпен қарап, «айығып» кеткенімше қас-қабағыма қарайды. Ал егер ол ашуланатын болса, мен де өз «емделушіме» бар жағдайды жасаймын. Міне, осылайша біз тату-тәтті өмір сүріп келеміз, – деп жауап береді.

mazhab.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста