Әйелімді қатты қызғанамын, осым күнә мә?

Әйелімді қатты қызғанамын, осым күнә мә?

Ассаламуғалейкум! Мен әйелімді қатты қызғанамын. Табысым жаман емес. Бірақ әйелім кейбір нәрселерді пісіріп, сатуды жақсы көреді. Кейде сол заттарды алып кетуге ер кісілер келеді. Маған ол нәрсе ұнамайды. Дәлірек айтқанда қызғанамын әйелімді. Қызғанышым қаттылығы соншалық: оларды да, әйелімді де ұрып жібергім келеді. Әйеліме қатаң түрде ондай сауда жасауын тыйып тастадым. Дегенмен бұл әрекеттерім өзіме ұнамайды. Қалай арылсам болады? А.Ж.
Уағалейкумсалам!
Қызғаныш – адам табиғатында бар сипат. Қызғанышсыз адам жоқ шығар. Дегенмен, шариғат бойынша қызғаныштың құпталатын жағы бар, құпталмайтын жағы бар.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) қызғанышты екі түрге бөліп көрсеткен[1]:
1. Аллаға ұнайтын қызғаныш түрі. Яғни, әйелі еріне теріс ой қалыптастырар, күмән туғызар әрекет жасаған жағдайда, ерінің қызғануы ұнамды іс. Мысалы, әйелі бөтен еркекпен қалжыңдасып, күлісіп т.б. қарым-қатынастағы арақашықтықты сақтамай жатса, онда ері қызғаныш танытып,  әлгіндей әрекеттің бұрыстығын ескертуі тиіс.
2. Аллаға ұнамайтын қызғаныш түрі.  Түймедейді түйедей көріп, еш себепсіз әйелінің (не ерінің) әрбір әрекетіне күмәнданып қызғану құпталмайтын әрекет. Мұндай қызғаныш пайда келтіргеннен гөрі зияны басым боп жатады. Жақындатқаннан гөрі алыстата түседі.
Ендеше, алдымен қызғанышты тудыратын факторларды анықтап алып,  олардың бір сыпырасын жарыңызбен ақылдаса отырып жойып отырсаңыздар, бойыңызға сенімділік пайда болады, осылайша, қызғаншақтық сезіміңізді тізгіндейсіз деген ойдамыз. Себебі ерлі-зайыптылардың арасындағы қызғаныш кейде өз-ара сенімсіздіктен тууы мүмкін.
islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста