Әйелді ұруға бола ма?

Әйелді ұруға бола ма?

Сұрақ: Неліктен Алла Құранда «Әйелдерді ұрыңдар» дейді? Әйелді ұруға бола ма?

Жауап: Бір құмырсқа, тіпті бір бидай дәнін жарата алмайтын адам баласы әлемді жаратқан ұлы Раббымыздың әмірін қай хақысымен сұраққа тарта алады? Аяттың бір бөлігін ғана емес, толығын алу керек. Бұл аяти кариманың мағынасы мынадай:
«Еркектер әйелдердің басқарушысы (отағасы) болып табылады. Өйткені Алла тағала кейбір құлдарын кейбір тұрғыдан кейбір адамдардан үстем қылып жаратқан. Сондай-ақ еркектер өз мүлкін олар үшін жұмсайды. Әйелдердің жақсылары Алла тағалаға бағынады және күйеулерінің алдындағы ақысын орындайды. Күйеулері жанында болмағанда олардың намысы мен мал-мүлкін Алланың жәрдемімен қорғайды. Қиянат етуінен қорққан әйелдеріңе ерлі-зайыптылар арасындағы ақыларды үйретіңдер және жылы сөзбен насихет етіңдер, оларды төсектеріңнен айырыңдар. Сонда да ақылы кірмесе, өте әлсіз түрде жай ұрыңдар! Ақылы кіретін болса, оларды ренжітетін нәрсе істемеңдер, оларды ренжіту үшін сылтау іздемеңдер». (Ниса 34).
Көрініп тұрғанындай, мал-мүлік пен намысқа қиянат етпейтін әйелдерді ұру былай тұрсын, оларды ешбір жолмен ренжіту де жаиз емес. Намысқа және мал-мүлікке қиянат жасағандарға барлық заң ауыр жаза береді. Ислам діні әйелдерге өте үлкен құрмет көрсетіп, қатты аяғандықтан, қиянатшыларды заңның жазасына түсіруден бұрын жай ұрумен түзетілуін тәжірибелеп көруді әмір етуде. Бір хадис шәрифте былай делінген:
«Бір еркек әйелін ұратын болса, қияметте оның жақтаушысы мен боламын». (Р.Насихин).
Дүниелік істеріндегі кемшіліктері, айыптары үшін ұру былай тұрсын, тіпті ауыр, қатал сөйлеуге де болмайды. (С.Әбәдийа).

islamdini.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста