Адамның тағдыры өз қолында ма?

Адамның тағдыры өз қолында ма?

Кейбіреулер «адам өз тағдырын өзі жасай ма, әлде Алланың жазғанымен жүре ме?» деп сұрақ қойып жатады. Енді осыған қысқаша тоқтала кеткенді жөн санадық.
Алла тағала адамдарға ирада-и жузийа берген. Ирада-и жузийа дегеніміз Алла тағаланың құлдарына бір нәрсені істеу немесе істемеуде берген қалау және таңдау еркіндігі. Таңдау еркіндігі болмыс емес. Болмыс болмаған нәрсе жаратылған болмайды. Таңдау, қалау еркіндігі құлдарда болатын бір хал. Құлдар ирада-и жузийасын қолдануда еркін. Яғни мәжбүр емес. Алла тағаланың құл қаламастан жаратуы жаиз болса да, құлдарының қалаған істерін жарату үшін құлдарының жүректерінен шығатын қалауымен еріктерін себеп қылған. Ирада-и жузийамыздың себепші болуы да Алла тағаланың қалауымен болуда. Құл бір істі ирада-и жузийасын қолданып, қалап таңдаса, Алла тағала да ол істі қаласа жаратады.
Адамдардың істері тек ирада-и жузийамен болмайды. Адам істерінің жүзеге асуын қалайды, әрекет етуін қалайды, күшін қолданады. Сонда ирада-и жузийа адамда пайда болады. Бірақ мұны адам жаратты деп айтылмайды. Өйткені ирада-и жузийа сыртта болатын нәрсе емес, бұл адамның көңілінде болады. Адамның ісі әзелде (бастауы жоқ ертеде, ежелде) тағдырмен пайда болса да, жүзеге асуы үшін алдымен құл ирада-и жузийасын қолдануда. Яғни құл істің жасалуын немесе жасалмауын өзі қалауда. Алла тағала да ол істі құлдың қалауы бойынша жаратуда.
Адамдар өздеріне ихсан етілген (берілген) ирада-и жузийасын қолданып жақсылықтың жаратылуын қалайды және сауап алады. Ал жамандық жасалуын қалаған адам күнә алады. Сондықтан үнемі жақсылық жасауды қалау керек, үнемі жақсылық сұрауымыз керек.
Тағдыр дегеніміз адамдардың осы ирада-и жузийасымен қалаған, яғни таңдаған және істеген барлық нәрсесін Алла тағаланың жаратқанына сену деген сөз. Жақсы-жаман барлық нәрсені құлдардың қалайтыны, талап ететіні, Алла тағала да мұны қалаған кезінде ол істі жарататынын білу, осыны қабыл ету және ұнату деген сөз. Алла тағала әзәли (ежелгі, бастауы жоқ) ілімімен адамдардың және өзге жаратылыстардың қашан туылатынын, қашан өлетінін және не істейтіндерін біледі. Әлбетте Құдайдың барлық нәрсені білуі, барлық нәрсеге құдіретінің жетуі қажет. Алла тағала барлық адамның не істейтіндерін біледі. Адамдардың басына келетін оқиғалар, туатындары, өлетіндері сияқты бүкіл мағлұмат Ләуһул Махфуз деп аталатын кітапта жазулы. Бұл кітаптағы мәліметтер тағдыр деп аталады.
«Йа Расулаллаһ, істеген және істейтін істеріміз тағдырымызда жазылып қойған болса, бір нәрсе істеудің не маңызы бар?» деп сұрағандарға Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уа саллам”: «Әркім өз ісіне дайындалады» және «Әркім бұрыннан тағдыр етілген істерге дайындалады» деп жауап берген. Сол сұрақты қойған тағы бір адамға Шәмс сүресін оқыды:
«Алла тағала жақсылық пен жамандықты (мойынсұну мен күнә жасауды) және бұл екеуінің жағдайларын білдіріп, осы екеуінің біреуіне жабысу үшін ихтияр (таңдау хұқығын, ирада-и жузийа) берді. Нәпсісін тәзкийа еткен (жамандықтардан тазалап, құндылықтармен толтырған) адам құтылды. Нәпсісін күнәда, сауатсыздықта, теріс жолда қалдырған адам зиян етті».
Мәселен бір фильмді екінші рет немесе үшінші рет көріп отырған адам: “Басты рөлдегі адам аттан құлап өледі” десе, басты рөлдегі адам көріп отырған адам айтқаны үшін өле ме, әлде көріп отырған адам бұдан бұрын көріп қойғаны үшін біле ме?!
Намаз уақыттары жазылған күнтізбелерде бір жылдың ішінде күннің қаншада шығып, қаншада бататыны есептеліп жазылады. Күн сол күнтізбелердегі уақыттармен шығып, батады. Күннің сол уақыттарда шығып-батуы, күнтізбелерде жазылғаны үшін емес. Керісінше, күн сол уақытта шығатыны үшін күнтізбеге жазылады.
Бұдан көргеніміздей Алла тағаланың білуі, қинап істету деген сөз емес. Әр адамның күнә жасайтынын Алла тағала әрине біледі. Бұл сол адамдардың тағдырында жазылған. Олар тағдырға жазылғаны үшін күнә істемейді, керісінше Алла тағала олардың күнә істейтіндерін білгендіктен тағдырға жазылған (жазған).
Ешбір адам өзінің Жаннатқа немесе тозаққа баратынын білмегендіктен жаннатқа барсам керек деп үміт етуі керек және сол жаннатқа қауыштыратын ғибадаттарды жасауға тырысуы керек. Егер тағдырына Жанннатқа баратыны жазылған болса, ол адамға ғибадат жасау, құлшылық ету қиынға соқпайды. Ал енді менің тағдырымда тозаққа барады деп жазылған болса, намаз оқып қайтемін деп намаздан қашатындардың тағдырына да дәл солай сылтау айтатыны және осылайша өз-өзін отқа тастайтыны жазылғаны белгілі болады. Демек адам өз тағдырын өзі білмегені үшін әрқашан жақсылықтан үміт етіп, құлшылық жолында болғаны қай тұрғыдан болса да өзі үшін абзал.

www.islamdini.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста