Адам не себепті ауыратынын білесіз бе?

Адам не себепті ауыратынын білесіз бе?

Сұрақ: Әйелім үнемі жалғаннан ауру болып көрініп жүреді. Бұл дұрыс па?
Жауап: Жалғаннан ауырып қалғандай болып көріну дұрыс емес. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Ауру болып көрінбеңдер – шынымен ауру боласыңдар.» (Дәйләми)
Сұрақ: Кейбір адамдар кездескен адамдарының бәріне аурып жатқанын айта береді. Ауруды жасыру қажет емес пе?
Жауап: Ауруды жасыра білу, ешкімге айтпау – ниғмет. Хадис шәрифте айтылған:
«Үш нәрсе жақсылық қазынасы: Ауруды, қиыншылықты, садақаны жасыру. Аллаһу та'ала айтады: "Мүмин ауырған кезде көңілін сұрап келгендерге менен шағымданбаса, етінің орнына жақсырақ ет, қанының орнына да жақсырақ қан беріп жақсартамын, күнәларын да кешіремін, өлсе мейіріміме қауышады."» (Табарани)
Барлық ауруларды ниғмет біліп, бұдан ғибрат алу керек! Хадис шәрифте былай делінеді:
«Мүмин ауырып, жазылған кезінде, ауруы күнәларының кафараты (өтемі) және келешігі үшін сабақ болады. Мұнафиқ болса, ауырып жазылған кезінде, байланып, кейін босатып жіберген түйе сияқты тұрады. Не себеппен байланғанын және не үшін босатылғанын білмейді.» (Табарани) 

Барлық ауруларды ниғмет біліп, бұдан ғибрат алу керек! Хадис шәрифте былай делінеді: «Мүмин ауырып, жазылған кезінде, ауруы күнәларының кафараты (өтемі) және келешігі үшін сабақ болады. Мұнафиқ болса, ауырып жазылған кезінде, байланып, кейін босатып жіберген түйе сияқты тұрады. Не себеппен байланғанын және не үшін босатылғанын білмейді.» (Табарани) Аурулар түрлі себептерден пайда болады, дегенмен жалпы көп ішіп-жеуден туындайды. «Әр аурудың басы – қарынды қатты толтыру» хадис шәрифі мұны айқын білдіріп тұр. (Ибн Сүнни) Сұрақ: Ауыр науқасқа не істеу керек? Жауап: Науқас қаламаса да, салих адамдар барып бір Ихлас сүресін оқитындай уақыт отыру керек! Дәрігер «Ешкіммен көріспесін, ешкіммен сөйлеспесін деп айтты» деп науқасты мақрұм қалдырмау керек! Жанына салихтар барып, Ясин сүресін оқуы керек! Жай дауыспен оқу да пайдалы. Басқа дұға да оқуға болады. Хадис шәрифте былай делінген: «Ажалы келмеген науқастың көңілін сұрап келген адам жеті рет "Әсәлуллаһәл азыйм, Раббил Аршил азыйм ән йәшфиәк" десе, Аллаһу та'ала оны осы аурудан саламаттыққа қауыштырады.» (Хаким) Науқасқа зиянды болған азықтардан басқа, науқас өзі қалаған, жақсы көретін тағамдарын беру керек! Хадис шәрифте: «Науқасқа жаны қалаған нәрсені жегізіңдер» делінген. (Ибн Мажа)
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста