Адам болу, надан болу барлығы өз қолыңда...

Адам болу, надан болу барлығы өз қолыңда...

БЕС ПАРЫЗ

Ей, бауырым, саған айтам, сақта мұны сен есте,
Қызық қуып жүре берме бой алдырып елеске.
Бес қаруың бойыңдағы қазақтығыңның белгісі,
Бес парызың мойныңдағы мұсылмандығың емес пе?

Өмір – жалған.
Есіңе алып, ақыреттік күніңді,
Хақтың жолын табам десең, Құраннан ал ілімді.
«Лә илаһа илалла» деп жүрегіңе бекітіп,
Ең алдымен калимаға келтіріп ал тіліңді.

Одан кейін бес уақыт намазың бар алдыңда,
Қос дүниелік бақытың сол бірін қаза қалдырма.
Ойнап-күл деп әнге салып, оралыңның барында,
Өмір екі келмейді деп желік қуып, сән құрма.

Ал үшінші, отыз күндік оразаңды жіберме,
Нәпсіңе ерген бойыңдағы жамандықты шідерле.
Төртіншісі зекет беріп дүниең мен малыңнан,
Есеп күні ескерілер амалыңды түгенде.

Меккеге бар шамаң елсе, қажылықты орында,
Тәуекелге белді байла Хақ тағала жолында.
Махаббатпен жаратқан соң алалау жоқ Аллада,
Адам болу, надан болу барлығы өз қолыңда.

Есіңді жи, нәпсіңді тый, дүниеге құнықпа,
Бір Алланы зікір етіп, әзәзілді құрықта.
Бес күн жалған өмірдегі бес парызың осылар,
Құдайға құл болам десең, құлшылығыңды ұмытпа!

БІР ҒАНА ТІЛЕК БАР МЕНДЕ
Бір ғана тілек бар менде,
Иманымды алма Раббым.
Шуағын шашқан мына күн,
Білемін түбі тынарын.
Шарайна өмір белгілі,
Сенің де бір күн сынарың.
Қу нәпсіден аса алмай,
Қызық дүрмектен қаша алмай,
Баса алмай көңіл құмарын,
Жүрген пендеңнің бірі едім,
Нұрланып ғазиз жүрегім,
Жаныма жақты шырағын.

Бір ғана тілек бар менде,
Иманымды алма Раббым.
Жұмыр жер мәңгі тұрағым,
Болмайтынын да ұғамын.
Қиямет күні білемін,
Әділ таразы құрарын.
Қабірде мені тергеуге,
Нәңкүр мен Мүңкір келгенде,
Бергенде үш бу сұрағын.
Жауабын дұрыс бермесем,
Қолымды құры сермесем,
Белгілі отқа құларым.

Бір ғана тілек бар менде,
Иманымды алма Раббым.
Жүректен қашып күмәнім,
Ашылсын көңіл тұманым.
Жазасы қиын болады,
Тәубесіз кеткен күнәнің.
Нәпсіге бойым жеңілмей,
Шайтанға ойым берілмей,
Шегінбей артқа бір адым,
Осынау өмір өтінде,
Құдайға құл боп өтуге,
Жетсе екен, сабыр шыдамым.

Бір ғана тілек бар менде,
Иманымды алма Раббым.
Азанды естіп құлағым,
Сәждеге мен де құладым.
Өткізсем екен сүрінбей,
Мынау өмірдің сынағын.
Тура жол нұсқап Құраным,
Нәсіп қып кәусар бұлағын,
Тұрағым болсын жұмағың.
Сақтай көр деп күнәдан,
Қолымды жайып сұраған,
Тілегім осы Раббым!

ЖҰМАДАН ҚАЛМА
Ақыретіңді ойласаң Жұмадан қалма,
Қасиетін айт Жұманың сұраған жанға.
Қу дүниеге құл болып кетуден сені,
Құлшылық қана құтқарар мына жалғанда.

Үмітің болса Жұмақтан, Жұмадан қалма,
Өткінші өмір өйткені сынақ адамға.
Намазың қорған болады ең алдыменен,
Нәңкүр мен Мүңкір қабірде сұрақ аларда.

Қиямет күні сөз таппай тұралағанда,
Рахым күтсең Алладан Жұмадан қалма.
Ертегі емес, ешқандай ертеңің үшін,
Тура жол көрсетіп тұр ғой Құран адамға.

Өлгенге емес, арналған тірі адамдарға,
Құранға күмән келтіріп, күнәға барма.
Алла алдында бәрі де жауап береді,
Бай мен кедей де, надан мен ғұламалар да.

Жан қиналғанда су таппай сұрап аларға,
Тозақтың қорықсаң отынан Жұмадан қалма.
Тіршілігіңді өткізсең құлшылықпенен,
Жұмақтың нағыз төріне шығарады Алла!

Өмір мен өлім алмасқан мына заманда,
Өлместің тапқан дәрісін бір адам бар ма?
Бес уақыт намазыңның қайнар бұлағы,
Жұмадан қалма, бауырлар Жұмадан қалма!

КУӘЛІК
– Раббың кім?
– Жаратушы бір Алла!
Солай дейді қасиетті Құранда.
Құран деген құдай сөзі емес пе?
Оны мәңгі сақтап өтем мен есте.
– Дінің қайсы?
– Хақ Ислам дінім әрі тірегім,
Ақиқат дін осы екенін білемін.
Өкінбес ем бұл жалғанға келгенге,
Бір Алла деп соғып өтсе жүрегім.
– Пайғамбарың кім?
– "Таппастан күнде тыным, түнде тыным",
Ұмытпайық құлшылықты үлгі етуін.
Пайғамбарым Мұхаммед мен ендеше,
Салалаху алейхиассалам үмбетімін.
– Кітабың не?
– Кітабым – қасиетті Құран Кәрім!
Жүрегіме жаққан иман шырағданын.
Жұмаққа бастап бізді тұр емес пе?
Тура жолын көрсетіп бір Алланың.
– Мұсылмансың ба?
– Әлхамдулилла, мұсылманмын,
Хақ тағалам қолдайды қысылған күн.
Алланың өзі, сөзі растығын,
Түсінерсің кеудеден жан ұшырған күн.
– Дәлелің бар ма?
– Әшхаду-әллә Илаха-илла-Аллах,
Уә әшхәду әннә Мұхамәдән ғабдуһу Расуллах.
Шаһадатымды жаңылмай айтсам осылай,
Махаббатыңа бөлеп мені тұрасың Хақ!
– Мағынасы не бұл сөздің?
– Алладан басқа Тәңір жоқ,
Мұхаммед оның елшісі.
Алладан түскен әмір боп,
Куәлік пенде еншісі.

*** 

Исламмен жүрсе кім де кім,
Ұсынар Алла жұмағын.
Көрсетер Хақтың құрметін,
Кітабым нұрлы Құраным.
Мұхаммедтің үмметін,
Жарылқай гөр Раббым!

Жұматай Оспанұлының
«Жалғыз жүрек, сан сауал»
кітабынан алынды

Жұматай Оспанұлының 
«Жалғыз жүрек, сан сауал» 
кітабынан алынды

 

(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.2015, 28.03.2015, 30.03.2015, 31.03.2015, 01.04.2015, 03.04.2015, 04.04.2015, 05.04.2015, 06.04.2015, 07.04.2015, 08.04.2015, 09.04.2015, 10.04.2015, 11.04.2015, 12.04.2015, 13.04.2015, 14.04.2015, 15.04.2015, 16.04.2015, 17.04.2015, 21.04.2015, 22.04.201523.04.2015, 24.04.2015).

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста