Адам ата мен Хауа ананың есімдері не мағынаны білдіреді?

Адам ата мен Хауа ананың есімдері не мағынаны білдіреді?

«Адам» (Әәдәм-آدم) - көне семит халықтарында орын алған ер адамның есімі. Оның мағынасы "қызыл топырақтан (немесе ақ балшықтан) жаратылған ер кісі" дегенге саяды. Бұнымен қатар адам сөзінің тілдік тұрғыда «қараторы», «қоңырқай» деген мағынаны да білдіретіндігі айтылады. Бұл атауды алғаш рет иеленген адамзаттың түпкі атасы Адам ғалейһиссәләм еді[1].

Сондай-ақ, «адам» сөзін араб тіліндегі жер қыртысы деген мағынаға келетін «әдиим- أَدِيمٌ» сөзімен байланыстыратындар да бар. Осыған қарағанда, адамзаттың түпкі атасы Адам ғалейһиссәләм топырақтан жаралғандықтан, соған қатысты етіп аталмыш есім берілген[2].[3].

«Хауа» есімі – әйелдерге тән арабша есім. «Өмір» дегенді білдіреді. Хауа есімінің арапшадағы түпнұсқасы «Хәууәә’- حَوَّاءُ» болып табылады.

Аталмыш есімді тілдік тұрғыда біраз тереңірек қазбалайтын болсақ, арабшадағы «хәуә, яхуи – حَوَى , يحوي» етістігінен туындайды деуге болады. Яғни, бір нәрсені ішіне қамтыды деген сөз. Хауа анамыз да жатырында тірі жанды қамтып, адам ұрпағын алғаш рет дүниеге алып келген ең әуелгі ана болғандықтан, осыған орайлатып «Хауа» есімі берілген десек те қателеспепсіз[4].

Хауа анамыздың есімі Құран аяттарында айтылмағанымен, Пайғамбарымыздың хадистерінде кездеседі.

[1] http://www.almaany.com/ar/name
[2] Әли Имран сүресі, 59 аят.
[3] Құран Кәрім: Бақара сүресі, 33, 34, 35 т.б.
[4] www.hawaaworld.com

Абдусамат Қасым 

islam.kz/kk/questions/arturli/adam-ata-men-haua-ananyn-esimderi-ne-magynany-bildiredi-572/#gsc.tab=0

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста