99 күмбезді мешіт (фото)
Әлемде мұсылмандар ең көп шоғырланған, яғни,мұсылмандар қарасы 215 млн-ға жетеғабыл (88 %) Индонезияның Сулабеси аралында орын тепкен Әсмағұл Хұсна немесе 99 күмбезді мешіт алыс-жақынға аймақтың атын шығарған сәулет өнерінің бірегей туындысы әрі діни туризмнің орталығы.
 
Бұл жайында islam.kz порталы islamosfera.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
 
Аталған аралдың оңтүстігіндегі Макасар провинциясы аумағында орналасқан осынау мұсылмандардың құлшылық үйінің 99 күмбезі Алланың 99 есімінің құрметіне соғылған.
 
Күмбездер орталығынан шетіне қарай кішірейе береді. Бұған қоса, түрлі түске оранып, көз жауын алады.
 
Өзгеше сәулетіне байланысты Индонезиядағы ең әдемі деген 10 мешіттің бірі саналады.
 
Тек жергілікті халықтың ғана мақтанышына айналып қоймай, сонымен қатар, туристердің де арасында танымал. Алыстан ат арытып келетін шетелдік туристер бұл мешітке бас сұқпай кетпейді.
 
Оның сәулетшісі Ридуан Кәміл қазіргі уақытта Батыс Ява губернаторы болып лауазымды қызмет атқарады.
 
Ридуан Кәмілдің аталған мешіттен өзге де жобалары кеңінен танымал: Бандунг қаласындағы әл-Иршад мешіті, Макасардағы Nipah сауда орталығы, Бейжіңдегі ислами орталық мешіті, Банда-Ачех қаласындағы Ачех цунами музейі, т.б.
 
Түрлі дерек көздеріне қарағанда, біз сөз етіп отырған мешіт құрлысына 182 млрд рупи (индонезиялық валюта) жұмсалған.
 
2017 жылы ашылған. Үш қабатты мешіттің астыңғы қабатында дәрет алатын, т.б. шаруашылық бөлмелері орналасқан, ал бірінші қабатында ерлер намаз оқиды, ал үшіншісінде ашық теңізді тамашалауға болады &ndash бұл қабатта әйелдер құлшылық етеді.
 
Теңіз жағалауындағы бұл мешіттің аумағы 72 х 45 метрді алып жатыр, бір мезетте 13 мың адамға дейін қатар тұрып намаз оқи алады.