Қ.Бітібаева атындағы білім бәсекесі аяқталды

Қ.Бітібаева атындағы білім бәсекесі аяқталды

Өскемен қаласында өткізілген Академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен І республикалық олимпиаданың мәресіне жетті, деп жазады «Алаш айнасы» интерент-порталы.

ШҚО Өскемен қаласында сәуірдің 21 мен 24 аралығында Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен I республикалықолимпиада өткізілген болатын.
Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Өскемен қаласы «Шығыс Дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген I республикалық олимпиаданың негізгі мақсаты - Қанипа Омарғалиқызының еңбегі мен шығармашылық жолын жас ұрпаққа дәріптеу, ана тіліміздің қадір-қасиетіне бас игізе отырып, болашақ ұрпақтың да, аға буынның да қазақ тіліне деген ерекше құрметін туғызу еді.
Республикалық олимпиадаға Астана қаласы білім беру мекемелерінен аталған Олимпиаданың қалалық кезеңінде І және ІІ орындарды иеленген 8 оқушы жолдама алды, олар: 11-сыныптардан 2 оқушы (Қабыкенова Аружан №54МЛ, Дюсембаева Назгуль №50 МЛ), 10-сыныптардан 3 оқушы (Рабхан Ақерке №70 МЛ, Қайсабекова Ақжан №66 МЛ, Сағымбекова Арайлым №24 МЛ), 9-сыныптардан 3 оқушы (Емангалиева Камила №40 ОМ, Анарбеков Алишер №74 МГ, Кабдуш Баян-Сұлу №64 МЛ) ие болды.
22 сәуір күні Металлургтер мәдениет үйінде республикалық олимпиаданың ашылуы рәсімі өтіп, әр облысты таныстырып, әділқазы алқасының төрайымы Абай атындағы Алматы педагогикалық университетінің профессоры, ҚР ҰАҒ Корреспондент мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы Оразбаева Фаузия Шамсиевна жас өрендерді құттықтады. Сол күні түстен кейін оқушылар үшін «НұрОрда» мектебінде олимпиаданың 1 туры (жазбаша) өткізілсе, жетекшілер үшін Назарбаев зияткерлік мектебінде республикалық семинар өтті. 23 сәуірде олимпиаданың 2 туры (ауызша) өткізілді. Жан -жақтан келген оқушылар өз білімдерін көрсетті.
Олимпиада аяқталысымен оқушыларды Өскемен қаласының мәдени орталықтарымен таныстырып, «Қазақстан» тауына саяхат жасатты. Оқушылар ризашылықтарын жеткізді.
Жабылу салтанатында Қанипа Омарғалиқызының сіңлі-әпкелері сөз сөйлеп, арнайы олимпиадаға дайындаған ақшалай сыйлықтарын табыстады. Астана қаласынан барған 8 оқушының 6-ы марапатпен оралды. Олар: №50МЛ 11-сынып оқушысы - Дюсембаева Назгуль 1-орынды иеленіп, ЕҰУ грантқа білім алуына жолдама алса, №70МЛ 10-сынып оқушысы Рабхан Ақерке 2-орын, №24 МЛ 10-сынып оқушысы Сағымбекова Арайлым 3-орынға ие болды. Сонымен қатар, №54 МЛ 11-сынып оқушысы Қабыкенова Аружан мен №66 МЛ 10-сынып оқушысы Қайсабекова Ақжан ерекше жетістіктері үшін грамотамен марапатталса, №40 ОМ 9-сынып оқушысы Емангалиева Камила «Сөз зергері» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста