"Дарын" орталығы педагогтар біліктілігін арттыруды көздейді

"Дарын" орталығы педагогтар біліктілігін арттыруды көздейді

"Дарын" республикалық ғылыми-зерттеу орталығы "Педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен инновациялық тұрғыдан ойлауын қалыптастыру" деге тақырыбына арналған қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы пәні мұғалімдеріне арналған оқу семинарлары туралы ақпаратты таратты, деп жазады "Алаш айнасы" орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістер кезеңінде  мұғалімдерге зор жауапкершілік жүктеліп отырғаны белгілі. Жаңаша білім беру жүйесін модернизациялау кезеңінде мұғалімнің кәсіби деңгейін үздіксіз көтеріп отыру оның шыңармашылық қабілетінің дамытуының қажетті алғышарты болып және жеке педагогикалық тәжірибесін  үнемі  жетілдіріп отыруы оның өмірлік іс-әрекеті болып табылады. Осы бағыт бойынша "Дарын"  республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2014-2015 оқу жылында жүйелі түрде білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін оқу семинарларын өткізуді көздеуде.

"Педагогтардың  кезекті кәсіби құзыреттілігі мен инновациялық тұрғыдан ойлауын қалыптастыру" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы пәні мұғалімдеріне арналған  оқу семинарын а.ж. наурыз айының 25-28 наурыз аралығында Тараз қаласындағы №53 орта мектеп базасында  өткізілетін болып бекітілді. Бұл семинарлардың мақсаты - ұстаздардың педагогикалық шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, олардың дарынды балалармен жұмысқа даярлығын қалыптастыру, мектептің оқу-тәрбие процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізу болып табылады.
Семинар сабақтарын Таразмемлекеттік педагогикалықинститутының оқытушы-профессорлар құрамы мен Тараз қаласының мамандандырылған білім беру ұйымдарының жаңашыл педагогтары өткізеді. Білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы пәні мұғалімдері қатыса алады. Семинарға келу күні - 25 наурыз, басталуы - 26 наурыз, аяқталуы - 28 наурыз. Қатысу туралы сұранысты (басшылықпен бекітілген) а.ж. 6  наурызына дейін берілген үлгі бойынша төмендегі мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: Астана қ., Республика даңғылы 34, тел. 8/7172/ 29-49-98 факс 29-52-32, e-mail: gulden.berdenova.76@mail.ru. №    Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша)    Облысы, мектебі    Пәні, оқыту тілі    Еңбек өтілі, санаты,  байланыс телефоны берілуі міндетті. Сондай-ақ, қонақ үйдің қажеттілігі де ескеріледі.
Семинар қатысушыларына "Ақсәуле" қонақүйінен орындар алынды. Тәулігіне бір адамға бағасы - 5000 тенге (жатын орны+ таңғы ас). Мекен-жайы: Тараз қ., 8 мөлтек ауд., Лермонтов к. 6 үй, тел. 8(7262)349706.
Іссапар шығындары (тамақтану және тұратын орыны, ұйымдастыру жарнасы - 15000 теңге, барып-қайту жолы) жіберуші жақтың есебінен төленетінін еске салады. Ұйымдастыру төлемін (15000 теңге) мына есеп-шотқа жіберуге болады:
«Дарын» РҒПО РМҚМ
РНН  600900131236
БИН  990240007434
ИИК (IBAN) KZ566010111000021443 (бюджеттен тыс)
БИК HSBKKZKX
Астана аймақтық филиал №119900
«ҰлттықБанк» АҚ, Астана қ.  КБЕ 16
Тиісті сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады, тел/факс: 8/7172/ 29-49-98, факс 29-52-32.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста