Астана оқушыларының арасында суретшілер байқауы өтеді

Астана оқушыларының арасында суретшілер байқауы өтеді

Астана қалалық Білім басқармасына қарасты «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы биылғы жылдың атаулы оқиғалары Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы жеңістің 70 жылдығын мерекелеу іс-шаралары аясында сурет өнеріндегі дарынды балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, балалардың шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Мәңгілік ел» деген тақырыппен қалалық сурет конкурсын өткізеді деп жазады «Алаш айнасы» орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конкурсқа бейнелеу өнерінде ерекше шеберлігімен танылған 6-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыстырылған. Мектепішілік іріктеуден өткен оқушылар қорытынды кезеңде кескіндеме, мүсін өнері, қолданбалы көркем өнер бағыттары бойынша «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Ұлы Жеңіске 70 жыл», «Арман қала - Астана», «Табиғат тамашалары» тақырыптары аясында жұмыс жасайды деп күтілуде.
Жұмыстың орындалу техникасы мен безендірілуі пейзаж, натюрморт, керамика, тоқымашылық, т.б. әдістер арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс жеңімпаздары республикалық байқауға жолдама алып, Мақтау қағаздары мен грамоталармен марапатталмақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста