Витаминдерді қалай қолдану керек?

Витаминдерді қалай қолдану керек?

Қыс кездерінде адам ағзасы витаминді көп қажет ететіні белгілі. Бірақ жаздағыдай емес, қыста қажетті витаминдерді табу қиындау. Десек те медицина бұл мәселені оңайлатып отырған жайы бар, яғни дәріханалардан арнайы шығарылған витаминдерді табуға болады. Мәселе оларды дұрыс таңдай және орынды қолдана білуде. Сізге жалпы қуаттандыратын немесе арнайы бағытта шығарылған, отандық немесе шетелдік, түйір, сұйық немесе ергу арқылы ендірілетін, жоғары немесе орташа мөлшердегі витаминдердің бірін немесе бірнешеуін таңдау керек болуы мүмкін. Енді осылардың әрқайсысына жекелей тоқтала кетейік.
1. Отандық немесе шетелдік кешенді витаминдік препараттардың бір-бірінен айтарлықтай айырмасы жоқ. Синтетикалық витамидер шығарумен әлемде бірнеше фирма ғана айналысады. Олар арнайы витаминдік қоспалар (премикстер) шығарып, басқа елдерге жібереді. Ал мұнда олардың негізінде түрлі-түсті және түрлі көлемді витаминдер жасайды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Яғни олар сапасы мен сіңірілуі жағынан бір-бірінен ерекшеленбейді. Тек шетелдік витаминдерде дәмдік қоспалар біршама көп, олардың бағасы да қымбаттау. Бар айырмасы осы.
2. Түйір немесе сұйық витамин жақсы ма, әлде егілетін витамин артық па деген сұраққа келсек, соңғы кездері сұйық витаминдерге сұраныс артып келеді. Дегенмен олардың артықшылығы жағымды дәмінде ғана, олар сондықтан балаларға ұнайды. Ата-аналар олардың дәмдік қоспалар және бояғыш заттар қосылмағанын ғана таңдағандары дұрыс, әйтпесе кейбірі аллергия туындатуы мүмкін.
Ал ағзаға егу арқылы ендірілетін витаминдерді, дұрысы, емдеуші дәрігер ғана тағайындағаны жөн. Өйткені ол ағзаға күшті әсер етуі де мүмкін.
3. Жалпы қуаттандыратын витаминдер ағзаға жайсыздықпен жалпы күресте қолдау көрсету үшін беріледі деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ол ағзаның барлық витаминдерге деген тәуліктік сұранысын қанағаттандырады, шаршаңқылықпен күресте көмектеседі, иммунитетті қалпына келтіріп, науқастанудан кейін қалпына келуіне жәрдемдеседі. Ал арнайы шығарылған витаминдер ағзадағы нақты бір проблеманы шешуге бағытталып шығарылады. Мысалы, дәріханалардан көз көруін жақсартуға, шаш пен тырнаққа жәрдемі бар витаминдерді фитнеспен айналысатын, жүкті, емізулі баласы бар аналарға арналған витаминдерді сатып алуға болады. Мұндай витаминдерде кейбір заттардың мөлшері жоғары, ал кейбір заттар тіпті де жоқ болуы мүмкін. Мысалы, көзге арналған витаминдерде А, С, Е, В12 витаминдері, цинк пен каротиноидтер болады. Жүкті әйелдерге арналған витаминдерде фолий қышқылы, В6, В12 витаминдері, темір, кальций мен йод бар.
Жоғарыда аталған кешенді витаминдік заттардың екеуін де ағзаны күшейту үшін қолдануға болады, тек екі түрін бір мезгілде қолданбаған жөн. Әйтпесе құрамындағы кейбір заттар екеуінде де бір болса, ағзаға артық мөлшерде түседі де, қолайсыздық тудыруы әбден мүмкін.
4. Жоғары немесе орта қуатты витаминдердің қайсысын таңдаған дұрыс дегенге келсек, ол былай: бүгінде мұндай кешенді витаминдік заттардың үш түрі бар. Апталық қажеттілікті 30-50 пайыз көлемінде өтейтіндер, толық өтейтіндер, бірнеше есе артығымен қамтамасыз ететіндер деп бөлінеді. Осының ішіндегі үшіншісі ағзадағы витамин жетіспеушілігін 10-14 күнде ретке келтіреді. Дегенмен оларды дәрігер кеңесінсіз қолдануға болмайды. Егер де адам витаминдік профилактикамен өз бетінше айналысатын болса, онда тәуліктік қажеттілікті 100 пайыз өтейтін кешендерден бастағаны дұрыс. Оны бір-екі ай көлемінде қабылдайды. Бұдан кейін ағзаға төменгі қуаттағы (30-50 пайыздық) витаминдік кешендерді қолдануға болады.


Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста