Сусамырдың ерекше белгісі айтылды

Ресейдің бірінші арнасындағы «Сау-саламат өмір сүріңіз!» деп аталатын бағдарлама эфирінде Герман Гандельман есімді дәрігер әрі тележүргізуші сусамырдың ел мән бере бермейтін ерекше белгісін айтты.
Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Білікті маманның сөзіне қарағанда, табанның шыт жарылуы аталған дерттің пайда болғанын хабар береді.
Бұл ауру (қант диабеті) қан тамырлары мен жүйке талшықтарын зақымдау арқылы адам денесінің төменгі жағындағы тіндердің жеткілікті қорек алуына кедергі келтіреді. Табанның жарылуы осындай себеппен пайда болады.
Ал оның әріптесі Елена Малышева өз кезегінде сусамыр дертіне шалдыққан науқас сезімталдығын жоғалтып алады – осындай себеппен адам табанының жарылғанын сезе бермейді, табанында жарақат пайда болса да жанына батып ауыртпайды.





