Қант жеуден бас тартсаңыз, қандай жақсы өзгерістер болады?

  • 18
Қант жеуден бас тартсаңыз, қандай жақсы өзгерістер болады?

Тазартылған қант – табиғатта жоқ өнім. Эндокринологтар егер адамдар мәзірден оны мүлдем алып тастаса, онда екі күннен кейін өздерін жақсы сезінер еді дейді. Bugin.kz порталы қант жеуден бас тартқан жағдайда денсаулықта қандай жақсы өзгерістер болатыны жайлы ақпарат ұсынады.

Қант тек шоколад пен тортта ғана болмайды. Сонымен қатар кетчуп, шұжықтар, сүт қосылған нан, т.б. тағамдарда кездеседі.

Қант өте зиян деп айту да дұрыс емес. Өйткені глюкоза миға, бұлшықеттерге, қан айналым жүйесіне қажет. Ол ләззат гормондарының — серотонин мен допаминнің өндірісін жақсартып, көңіл күйді көтереді. Алайда қант тек кондитерлік өнімдерде емес, жеміс-жидек, көкөністерде де болады.

Әрине, тәттіден бірден бас тарту оңай емес. Қант қолданысын азайтуды күнделікті әдетке айналдырған жөн.

Таңертең кофе ішкенді ұнататындар қантты даршын (корица), мускат жаңғағы немесе кардамон секілді дәмдеуішпен алмастыра алады. Тәттіге құмартып тұрсаңыз, қызылша, асқабақ, сәбіз және жаңа піскен жемістерді жеуге болады.

Егер сіз қанттан бас тартсаңыз, қандай өзгерістер болар еді?

Екі күннен кейін:

Ас қорыту және ішек жұмысы жақсарады. Көңіл күйіңіз бірқалыпқа түседі. Өйткені бұрын глюкозаны ретсіз қолданғандықтан, инсулин күрт көтеріліп, мазасызданып, ашуланана беретінсіз.

Жеті күннен кейін:

Терінің өңі кіре бастайды. Ұйқы жақсарады. Өйткені қант ұйқысыздықты тудыратын "стресс" гормоны – кортизолдың пайда болуына әсер ететін. Енді сіз ерте жатып, жайлы ұйықтайсыз.

Он күннен кейін:

Сіз артық күш жұмсамай-ақ бір-екі килограмға арықтайсыз. Себебі ағзадағы қанттың әсерінен сұйықтық сақталады. Егер сіздің қан қысымыңыз жоғары болса, төмендейді.

Бір айдан кейін:

Үш-төрт килограмм салмақтан арыласыз. Жақсы ұйықтайсыз. Қант тұтынып жүргенде жасушааралық ақпарат алмасу қиындайтын еді. Енді жалпы мидың белсенділігі жақсарады. Гормоналды фон қалыпқа келеді, иммунитет жақсарады.

Қанттан бас тартсаңыз, денсаулығыңыз да нығайып, жақсы өзгерістер бола бастайды. Сондықтан тәттіге әуес болмай, оның орнына жеміс-жидек, көкөністерді жегеніңіз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 188
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 237
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста