Неге психологқа баруға ұяламыз?

Неге психологқа баруға ұяламыз?

Психология саласында айтарлықтай жетістікке жетсек те, халықтың басым бөлігі әлі де білікті маманның көмегіне жүгінуді ұят санайды. Оның себебі әлеуметтік нормаларға, стереотиптерге және жеке сенімдерге негізделген.

Әлеуметтік норма

Әлеуметтік нормалар психологиялық денсаулық туралы көзқарасты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Психологиялық терапия туралы қоғамда қалыптасқан қате түсініктердің нәтижесінде адамдардың көбі психологқа барудан қашады. Яғни, олар психологтың көмегіне тек психикасында ауақы бар адамдар ғана жүгінеді деген қате пікірді ұстануда.

Жеке сенім

Әлеуметтік нормалардың нәтижесінде көп адамдарда жеке сенім пайда болады. Мысалы, белгілі бір мәселені өз бетімен шеше алмауды – әлсіздік деп есептейді. Сондықтан маманның қабылдауына барып, мәселелерін көтеруден арланады. Өзгемен өз проблемасын талқылауды әлсіздік деп санайды.

Мәдени факторлар

Психологтың көмегіне жүгінуде мәдени фактор да өте қатты әсер етеді. Кей елдерде адамның психологиялық денсаулығы аса назарға алынбайды. Нәтижесінде, психологтың көмегіне зәру адам жақындарынан сөз естіп, қоғамнан шеттеп қалмауы үшін маманның қабылдауына жазылудан қорқады.

Жағымсыз әсерлерден қорқу

Кейбір адамдар психологқа барғаннан кейін әлеуметтік оқшаулануға ұшыраудан қорқады. Әлде мансап пен жеке қарым-қатынастарына теріс әсер етеді деп алаңдайды.

Адамдарды қажетті психологиялық көмекке жүгінуге ынталандыру үшін ұят пен стигматизацияға ықпал ететін факторларды жою өте маңызды. Психологиялық денсаулық туралы мифтер мен қате түсініктерді жоюға арналған насихат жұмыстары бұл бағытта көп септігін тигізеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста