Дәрігер рамазан айында ораза ұстаған қант диабеті бар жандарға арналған тағамдар тізімін атады

Үндістандық эндокринолог Д.Моди рамазан айында ораза ұстаған қант диабеті бар жандарға ауызашар кезіндегі дұрыс тамақтану кеңестерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жылдың 2 сәуіріне сәйкес келетін рамазан айында мұсылмандар күн батқанға дейін барлық тағамнан бас тартып ауыз бекітеді. Бұл ереже әсіресе қант диабетімен ауыратын адамдар үшін қиындау. Модидің айтуынша, қандағы қант деңгейінің қауіпті ауытқуын болдырмау үшін олар арнайы диетаны ұстануы керек.

"Ифтар (ауызашар) кезінде дұрыс тамақтану өте маңызды. Кешкі ас құнарлы және пайдалы болуы керек. Бірақ аз мөлшерде", –  деп түсіндіреді маман. Ол ас мәзіріне көкөністерді, жемістерді, бұршақтарды және сүзбені қосуды ұсынды. Диабеті бар жандарға майға қуырылған, тәтті тағамдарды жеуге болмайды. Тәтті жеміс шырындары мен газдалған сусындар бұл кезеңде өте зиян екенін айта кетті. 

Бұған дейін диетолог Александр Андреев ораза кезінде етті алмастыратын және ағзаға маңызды дәрумендер мен микроэлементтер беретін өнімдерді атады. Ол сұлы, арпа, қара бидай, жүгері және қарақұмық сияқты дәнді дақылдармен, көкөніс пен бұршақ сорпаларымен ораза мәзірін әртараптандыруды ұсынды.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста