D дәруменінің жетіспеуі, маңызы қандай?

D дәрумені адамның сүйегі, бұлшықеті мен тісі сау болуы үшін қажет. Ол күн сәулесінің әсерінен теріде түзіледі. Сондықтан D дәрумені деңгейін қалыпты ұстап тұру үшін күн астында болу қажет немесе құрамында осы дәрумен бар тағамдарды жеу жеткілікті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Тurkystan.kz тілшісі UpToDate зерттеуіне сілтеме жасап жазды.

Кейінгі кезде жүргізілген зерттеулер көптеген адамда, әсіресе егде жастағы адамдарда D дәрумені жетіспейтінін анықтады.

 

D дәрумені жетіспеушілігінің белгілері қандай?

 

* сүйектегі, буындағы және бұлшықеттердегі ауырсыну;

* кішкентай жаралар мен тері зақымданған кезде тез жазылып кетпеу;

* шаш пен тырнақтағы проблемалар;

* шаршау және әлсіздіктің күшеюі.

 

D дәрумені азаюының негізгі себептері:

 

* Ас мәзірінде D дәруменінің жетіспеушілігі және күн сәулесінің жеткіліксіздігі;

* Ішекте D дәрумені сіңуінің төмендеуі;

* Бүйрек немесе бауыр ауруларына байланысты D дәрумені өңделуінің төмендеуі.

 

Жазда D дәруменін ішу керек пе?

 

Адам дұрыс тамақтанса әрі күн астында жиі болса, қосымша D дәруменін қабылдаудың қажеті жоқ. Алайда күздің ортасында, көктемнің басына күн сәулесі, яғни D дәрумені жетіспей жатады. Сондықтан дәрігер кеңесімен осы уақытта қоспалар қабылдауға болады.

 

Кальций мен фосфор жақсы сіңуі үшін балаларға да D дәрумені қажет. Оның жетіспеушілігі рахитке, сүйектің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Омырау сүтінің өзі кішкентайларды D дәруменімен қамтамасыз етпейді. Сондықтан сәбилердің көпшілігіне туғаннан кейін витаминнің қосымша көзі қажет. Тіпті, анасы оны күн сайын қабылдаса да.

 

D дәрумені – майда еритін витамин, ол организмде бірнеше маңызды функцияны атқарады:

 

Ішекте кальций мен фосфорды сіңіруге көмектеседі.

 

Паратироид гормонының, сүйектің бұзылуын (резорбцияны) тудыратын гормонның бөлінуін тежейді.

 

Осы әрекеттердің арқасында D дәрумені қандағы кальций мен фосфаттың қалыпты деңгейін сақтауға көмектеседі.

 

 D дәруменінің табиғи көзі

D витамині күн сәулесінің әсерінен теріде түзіледі. Ал терідегі дәрумен өндірісі адамның жасына қарай төмендейді. D дәрумені майлы балықта, балық майында және аз мөлшерде жұмыртқаның сарысында кездеседі. Америка Құрама Штаттарында байытылған сиыр сүті D дәруменінің ең үлкен диеталық көзі болып саналады. Сонымен қатар АҚШ-пен бірге әлемнің басқа елдерінде дәнді дақылдар мен басқа да көптеген тағамдар D дәруменімен байытылады.

 

D дәруменінің көзі ретінде күн сәулесінде немесе солярийде болу ұсынылмайды. Себебі бұл терінің зақымдалуына әкеліп, тері қатерлі ісігінің қаупін арттыруы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста