Бұл миф емес: диетолог майсыз сүт өнімдері денсаулыққа қаншалықты зиян екенін түсіндірді

Диетолог Елена Соломатина майлы сүт өнімдерінің пайдасы мен майсыз өнімдердің зияны туралы айтты. Маман барлық нәрседе тепе-теңдікті ұстану қажеттігін ескертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі 5-tv.ru-ге сілтеме жасап.

Елена Соломатина адам ағзасы үшін майдың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. "Майсыз сүт өнімдерді ғана тұтыну ақылға қонымсыз, өйткені біздің ағзамыздағы майдың күрт азаюы жыныс гормондары яғни стероидты гормондар бөлінісінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Май болмаса жасушаның бөлінуі мүмкін емес, жасуша мембраналарының түзілуі де, мидың қалыпты жұмыс істеуі де мүмкін болмайды", – дейді маман. Диетологтың сөзінше, майы жоқ өнімдерге өндірушілер дәм беру үшін ағзаға зиянды қант, хош иісті дәмдеуіштер және басқа да зиянды заттар қосады. Себебі майсыз өнімдерді тұтынған кезде ағза жетіспейтін компоненттерді үнемі қантпен толтырып отыруды қажет етеді дейді маман. Ал майы бар сүт өнімдерін тұтынғанда ағза қант іздемейді. Сондықтан құрамында майы бар өнімдердің денсаулыққа зияны азырақ көрінеді. Маманның айтуынша, майлар біздің ағзамызға энергия береді. Азық-түліктегі майдың қалыпты мөлшері екіден бес пайызға дейін болады. Егер одан жоғары болса, онда мұндай өнімді алу қажет емес. "Өте майлы тағамдарды тұтынудың қажеті жоқ, сондай-ақ майсыз тағамдар да зиянды, сондықтан сіз тепе-теңдікті сақтауыңыз керек", – дейді Елена Соломатина.

KAZ.NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста