Бұл белгілерді елеусіз қалдыруға болмайды

Бұл белгілерді елеусіз қалдыруға болмайды

Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм ғана болады. Ол алпыс екі тамыр бойымен тәулігіне 10 мың литрге дейін қан айдайды. Яғни біз тынығып жатқанда да тынымсыз, тоқтаусыз жұмыс жасайды. Салмақ түскенде, жұмысы ауырлағанда түрлі белгілер арқылы иесіне ауруға шалдыққанынан хабар береді. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының кардиологтары жүрек жүрісі жаңыла бастағанда, төсекке таңылуға жеткізетін ауыр кесел жақындағанда бір ай бұрын белгі бере бастайды дейді. Бірақ, өкінішке орай, біз бұл белгілерді байқай бермейміз.

Шаршау
Таңертең ұйқыдан оянғанда сергектік емес, шаршауды сезінсеңіз, тынығу орнына қалжырау байқасаңыз, күні бойы ауыр жұмыстан шаршағандай күй кешсеңіз, ал кешке қарай тіпті таусылып, денені зіл басса, бұл жүрек жетіспеушілігі дертінің белгісі болуы мүмкін. Бұл жағдай екінші күні де қайталанса, ойланбастан кардиолог қабылдауына жазылғаныңыз жөн. Бір аптадан аса жағдайда ол инсультке ұрындыруы ықтимал.

Әлсіздік
Зерттеулер жүрек талмасына ұшыраған пациенттердің 89 пайызы төсек тартып ауырып қалардың алдында өте қатты әлсіздік сезінетінін дәлелдеген. Бойдан күш кетіп, жеңіл зат көтеру тұрмақ, өз денеңді «арқалап» жүрудің өзі күшке айналса, ол миокард инфарктісі жақындап қалғанын білдіреді екен. Бес күнге жеткізбей дәрігерге көрініңіз.

Ентігу
Ауыр жұмыс істемей, тепкішекпен көтерілмей-ақ қатты ентігу, ауа жетпегендей алқыну қан айналымының ритмі бұзылуынан өкпеге ауа жетпей жатқанын, соның әсерінен жүрек жұмысында ақау басталғанын білдіреді. Бұл жағдайды үш күннен асырмай кардиолог көмегіне жүгіну керек.

Қорқыныш
Соңыңыздан біреу қуып келе жатқандай, қазір тарпа бас салатындай болып бойды үрей басып, әлденеден қорқып, жүректің тарсылдай соғуы да жүрек ауруы асқынып келе жатқанын білдіреді. Жүрек ұстамасымен ауруханаға түскен пациенттердің 78 пайызында ауру асқынар алдында осындай белгілер білінеді екен.

Бас айналу
Ми үнемі мол қан ағысын қажет етеді. Оған тиісті мөлшердегі қан жетпесе бас айналады. Яғни себепсіз бас айналуы жүректің қанды дұрыс айдай алмай жатқанының белгісі. Бұл жағдай төрт күннен асса инфаркт туындатуы мүмкін.

Мұздай тер
Әдетте артық физикалық салмақ түскенде немесе ашу қысқанда денеден мұздай тер шығады. Ал егер мұздай тер себепсіз байқалса, жүрек қысылып жатыр деген сөз.

Тамыр соғысының жиілеуі
Тамырдың жиі соғуы анда-санда адам әлденеден шошынғанда, тітіркенгенде болып тұратын жағдай. Ал ол себепсіз жиілесе, ол тахикардия мен аритмияның белгісі. Егер ол бас айналу, ентігу, денеден мұздай тер шығумен қатар орын алса, дереу дәрігер шақыртқаныңыз дұрыс. Бұл инфаркт басталар алдындағы дабыл.

Кеуде тұсының ауыруы
Кейде адамның кеуде тұсы ауырып, бір жерге соғып алғандай ауыр тартып, сыздағандай болады. Ол бірде тоқтап, бірде қайтадан қайталауы мүмкін. Бұл да жүрек ұстамасының жақындап қалғанын білдіретін дабыл. Бірақ көп адам кеуде мен жүректің қатысы жоқ деп ойлап, қателеседі.

Аяқ текке ісінбейді
Аяқтың ісініп, қалыпты мөлшерде тамақтансақ та салмақтың артуы жүрекке қауіп төніп келе жатқанын білдіреді. Негізінде бұл ағзада сұйықтық көбеюі мен қанның дұрыс айналмауынан жүрекке жүк түскенін білдіретін белгі.

Асқазанның ауыруы
Асқазан қыжылдап, сонымен қатар іштің кебуі кейде асқазан-ішек жолдары мен тамақтануға қатысы жоқ белгі болуы мүмкін. 47 пайыз жағдайда ол жүрекке жедел түрде ем керектігін білдіреді.

Жөтел
Жүрек жетіспеушілігі ауруы асқынғанда өкпеге артық сұйықтық жиналады да,  ол тыныс алуды қиындатып, құрғақ қақырықты жөтел туындатады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының зерттеулеріне сенсек, Қазақстан Еуразия құрлығындағы елдер арасында жүрек ауруына шалдыққан науқастар саны бойынша алдыңғы орындардың бірінде келеді екен. Мұндай қатерге ұрынғыңыз келмесе, жоғарыда аталған белгілерге мән бере жүріңіз.

Жарас ҚАСЫМ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста