Бүйрекке ем болатын ТОҒЫЗ ТӘСІЛ

Бүйрекке ем болатын ТОҒЫЗ ТӘСІЛ

Бүйректі қалай емдеген жөн? Бүйрек ауруларының барлық түрлерінде нендей әрекеттер жасау керек? Бұл сұрақтың жауабын көп адам білгісі келетіні анық, олай болса құлақ түріңіз.
Бүйректің басты қызметі – біздің ағзамыздағы сұйықтықты дұрыс айналдыру. Ал ағзадағы сұйықтықтарға сілекей, зәр, жұлын сұйықтығы (спинномозговая жидкость), қан плазмасы, тер, шауқат (ұрық сұйықтығы) жатады.
Бүйректің дұрыс жұмыс істеуі адамның ұзақ өмір сүруінің кепілі. Бізге көп адам бүйрегі ауыратынын айтып шағымданып жатады, дегенмен олар біздің «сүзгілеріміздің» бұрынғыдай ақаусыз жұмыс істеуі үшін қалай күтіну керектігін біле бермейді.
Ал мына төмендегі кеңестер бүйрек ауруларының кез-келген түрінде қандай әрекеттер жасау қажеттігі жөнінде сізге жәрдемін тигізері сөзсіз.
1. Бүйректі қалай емдейді?
Жайсыз көңіл-күйден аулақ болыңыз. Адамның бүйрегі жайсыз көңіл-күйге тым сезімтал келеді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мысалы, қорқыныш бүйректің қызметін бұзатын бірден бір себеп. Қатты қорыққан адамның бүйрегі бірден төмен түсіп, зәрдің еріксіз шығуына себеп болады.
2. Көзге салмақ салмаңыз
Бүгінде көптеген адамның жұмысы компьютермен тығыз байланысты. Ертеден кешке дейін компьютер мониторына телміріп отыру көзге аса ауыр салмақ түсіреді. Ол ағзадағы жағымды энергияны жоятындықтан бұл да бүйрекке кері әсер етеді.
3. Бір жерде отырып жұмыс істеу
Офис қызметкерлерінің барлығы дерлік бір орнында отырып жұмыс істейді. Бұл қан айналымының бұзылуына, зәр жолдарының жұмысының тежелуіне соқтырады. Осы жай бүйрекпен бірге ағзаның барлық мүшелерінің жұмысының бұзылуына әкеп соқтырады.
4. Ақуыз бен тұз
Жасырын емес, біз дұрыс тамақтануға оншалықты көңіл бөле бермейміз. Тұзды, ащы, қуырылған және қышқыл тағамдардың зиян екенін білсек те олардан бас тарта алмаймыз. Ал бүйректің басты жауы – тұзы өткір және құрамында ақуызы көп тамақ. Сондықтан дастархан мәзірінен тұзды және еттен пісірілетін тамақтарды мүлде алып тастаңыз немесе тез арада тұтыну мөлшерін азайтыңыз.
5. Бүйрегіңізді жылы ұстаңыз
Бүйрек жылуды өте жақсы көреді. Сондықтан моншаға жиі барып, ыстық ванна қабылдауды әдетке айналдырыңыз. Қыстың күндері аяғыңыз құрғақ әрі жылы болуын қамтамасыз етіңіз. Егер ыстық буға түсуге жарасаңыз, оны жиірек жасаған жөн.
6. Таза ауада серуендеп, дұрыс демалыңыз
Егер бүйректеріңіз қарапайым оттегін дұрыс қабылдамаса, оны қалай емдейсіз? Ол үшін жаяу серуендеудің пайдасы зор деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сондай-ақ бұл ағзаңызға тәп-тәуір физикалық салмақ түсіреді. Оның салдарынан артық салмақты тастап, ағзаға қажетті оттегін қабылдайсыз.
7. Дәрілік шөптен демделген шай ішіңіз
Біздің күнделікті қабылдап жүрген ауамыз да, асымыз да түрлі химикаттармен ластанғанын білеміз. Сондықтан ағзамыздың сүзгісі саналатын бүйректі мезгіл-мезгілімен құм, тас, тұз сияқты қажетсіз қалдықтардан шайып, тазалап отыруымыз керек. Бүйрекке арналған түрлі дәрілік шөптерді дәріханалардан оңай тауып аласыз, әрі олардың ағзаға зияны жоқ.
8. Таблетка ішуді азайтыңыз
Дәрілік препараттардың синтетикалық түріне жиі жүгінуден аулақ болыңыз. Түрлі химикаттардан жасалатын дәрі таблеткалары бүйректі отырғызып, онда қақ байлап, тас пайда болуына себеп болады. Сондықтан дәрі-дәрмектің шөптен жасалған түріне басымдық бергеніңіз абзал.
9. Дәрігердің бәрі бірдей білгір емес
Соңғы кездерде дәрігерлерге деген сенім азайып бара жатқанын көзіміз көріп жүр. Мықты мамандардың¬ көпшілігі зейнеткерлікке шығып кеткенін айтады үлкен кісілер.
Осы сөздердің шындыққа жанасатын кездері бар. Кейінгі кездері жас мамандар жарнамада көрген дәрілерін жазып берумен шектеледі. Ал олардың құрамы күрделі, ағзаға сіңімділігі де төмен. Мұндай дәрілер, жоғарыда айтқанымыздай, бүйректе тас, құм, тұз жиналуына соқтыруы мүмкін.
Бүйректі ауыртпай, алдын-ала жасаған күтім, яғни ашулану¬дан аулақ болып, жүйкеңізге салмақ салмай, дұрыс тамақтанып, жылы киініп және жиі серуендеп, көте¬ріңкі көңіл-күйде жүрсеңіз, бүйрегіңіз ғана емес, бүкіл ағзаңыз саулықта болып, ұзақ өмір сүретініңіз айдан анық.
Ж.ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста