Бруцеллез – аса қауіпті ауру

Бруцеллез – аса қауіпті ауру

Бруцеллез елімізде күрделі мәселелердің бірі болып саналады. Республика көлемінде 2020 жылы бруцеллезбен 504 адам ауырды, олардың ішінен 14 жасқа дейінгі бала - 83 (16,0%) және жасөспірім - 25 (5,0%).

Республика көлемінде тұрғындар арасында тіркелген 504 науқастың 69,8% (354 жағдай) Алматы, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр.

Негізінен бруцеллезбен ауыл тұрғындары ауырады және олардың үлес салмағы 80,6%-ды құрайды, қалған 19,4%-ы қала тұрғындары.

Бруцеллез - Brucella қоздырғышымен және әртүрлі механизмдермен берілетін, клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке, жүрек-қан тамыр, зәр шығару және т.б. жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалы түрге ауысуға бейім, зоонозды жұқпалы індет.

Көбіне бруцеллезбен ауылшаруашылығы жануарлары (қой, ешкі, ірі қара мал) ауырады және адамға бруцеллезбен ауырған жануарлардан жұғады.

Бруцеллез осы аурумен ауыратын малдың өнімдерін пайдаланудан болады. Адам ауру малдың сүтін қайнатпай ішкенде және сүт тағамдары арқылы, шала пісірілген еттен жұғады. Инфекция сондай-ақ терідегі жырындылар мен  жаралар  арқылы  организмге тарайды, яғни төлдеуге көмектесу, жаңа туған төлдерді, қозыларды күту кезінде жұғады. Бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі.  Жануарлар топырақты, суды, тағамды нәжіспен ластайды. Жанаспалы-тұрмыстық жолдар жануарларға күтім жасау және жануарлардың шикізатын өңдеу кезінде жүзеге асырылады.

Бруцеллездің инкубациялық кезеңі орта есеппен 1-4 апта құрайды, алайда инкубациялық кезең бірнеше айға созылуы мүмкін. Аурудың алғашқы күндерінде көбінесе дене қызуы көтеріледі (39-40°С дейін), бас ауруы, әлсіздік, қалтырау және қатты терлеу пайда болады, әсіресе түнде. Көбінесе бруцеллез кезінде буындар, әсіресе ірі буындар ауырады. Әйелдерде зәр шығару және репродуктивтік жүйе зардап шегеді, ал жүкті әйелдер көбінесе түсік тастайды, нәресте өлі туады, мерзімінен бұрын босанады, балаларда туа біткен бруцеллез және әйелдерде бедеулік болады.

 

Бруцеллез ауруымен ауырмас үшін адам не істеу керек?

 

- жануарларға күтім жасау кезінде арнайы киімдерді пайдалану (халат, клеенка алжапқышы, резеңке етік және қолғап);

- жануарларға күтім жасайтын адамдар үшін жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды ыстық сумен және сабынмен үнемі өңдеу;

- ет және сүт тағамдарын рұқсат етілмеген базарлардан және тағам қауіпсіздігі жөніндегі ветеринариялық рұқсаты жоқ сатушылардан алмау;

- етті мұқият термиялық өңдеуден өткізу;

- қайнатылған немесе пастерленген сүтті қолдану және жеке меншік мал ұстайтын адамдардан сатып алынған шикі сүтті ішуге жол бермеу.

- жүйелі профилактикалық тексеруден өту (жылына кемінде 1 рет);

 

Аталған ұсынымдарды сақтау бруцеллезді жұқтырудың алдын алады және денсаулығыңызды сақтайды.

 

 

А. Құлшағазиев,

«Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама

және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы»

филиалының аса қауіпті ауруларды мониторингілеу

бөлімінің дәрігер эпидемиологы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста