«Ауру – астан». Көшедегі тамақ ас болмайды

Адам бойындағы дерттің барлығы дерлік ішкен асымызға байланысты болатынын ата-бабаларымыз баяғыда-ақ біліп, «ауру–астан» деген екі-ақ ауыз сөзге бәрін сыйғызып қойған. Яғни дұрыс тамақтансақ, ас бойымызға арқау болады, керісінше, бұрыс тамақтансақ, дерт болатыны анық. Бірақ біз пайдалы астан аузымызды тістеп алатындай қашамыз. Неге?
Адам баласы неге екенін қайдам, «жеуге болмайды, денсаулыққа зиян»
деген тағамдар мен сусындарға әуес. Мысалы, кішкентай бала да,
үлкендердің өзі де газды сусындарды ішкісі келеді, одан қалса, тез
әзірленетін гамбургер, гриль, донер секілді фаст-фудқа аңсарлары ауып
тұрады. Бұған дәлел қаладағы жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен фаст-фуд нүктелері. Саудасы жүріп тұрған соң көбеймей қайтсін?
Шетелдіктер жасауды да, жеуді де үйреткен гамбургер, хот-дог, пицца,
бұқтырылған шұжық, тез әзірленетін лапша, сэндвич, және газдалған
сусындардың ағзаға үлкен қауіп төндіретінін көбіміз білеміз, бірақ біле тұра жейміз.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі қазіргі кезде адамдардың өлімінің 60 пайызы қауіпті азық-түлік тұтынғаннан болатынын көрсетеді. Бүгінде америкалықтардың жартысынан көбі артық салмақтан түрлі ауруларға ұшырап жатқаны белгілі. Сондықтан қазір ол жақта фаст-фудтардың зияндылығы жайлы жарнамалық роликтер жиі көрсетілетін болды. Ал еуропалық ғалымдар фаст-фудтың адам психикасына да кері әсер етінін дәлелдеген. Тез әзірленетін тағамдарды жеген сайын адам шыдамсыз бола береді екен.
Пайдасынан зияны көп фаст-фудтан бас тартудың мыңдаған себептері
бар. Біріншіден, күнде тез әзірленетін зиянды тағамды жеген адам артық
салмақ қосады. Мөлшерден тым артық салмақ денсаулыққа зиян, әрі көңіл-күйге де кері әсер етеді. Екіншіден, фаст-фуд жеген адамның ас қортыу жүйесі нашарлайды. Сондай-ақ созылмалы тұмау, ашушаңдық, түрлі аллергиялық аурулар, еркектік қабілеттің нашарлауы, бедеулік, инфаркт, инсульт, қатерлі ісік тағы басқа түрлі сырқаттардың бәріне тамақ құрамындағы зиянды нәрселер себепші болады. Арзан әрі тез әзірленетін тамақты жиі жеймін деп, денсаулығыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.
Балаңыздың денсаулығына алаңдасаңыз, дүкен сөресінде самсып
тұрған чипсілерді, кептірілген нан (кририешки), фри секілді тағамдарды,
түрлі тәтті кәмпиттер мен мармеладтарды алып бермеңіз. Бұлар – көп
баланың сүйікті астары. Бірақ баланың ағзасы үшін өте қауіпті. Швед
ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек, мұндай тағамдардың құрамында
акрималид секілді қауіпті концорогендер болады екен. «Акриламид –
адамның жүйке жүйесін бұзатын, генетикалық мутацияға ұшырататын  ақ немесе тұссіз суда еритін зат. Мысалы, 1 келі чипсінің құрамында 2000 микрограмм акриламид түзіледі, бұл 1 келі қуырылған еттен 40 есе көп» дейді мамандар.
Жоғарыда айтқан газдалған сусынның да сан мың түрлі зияны бар. Ең
қауіптісі, газдалған сусындарды күнделікті пайдаланатын адам ағзасында
кальций шайылып кетеді. Кальцийдің жетіспеуінен жүздеген түрлі ауруға
шалдығу қаупі бар. Мысалы, остеопороз. Газдалған сусын тұтынылмаған
кездерде бұл аурумен 60-70 жастағы қарт адамдар ауырса, бүгінде бұл ауруға 6-12 жастағы балалар да шалдығады. Сондай-ақ қазіргі балалардың гипербелсенді болуы, күйгелектігі, ұмытшақтығы, ашуланшақ болуы да тікелей ішкен-жеген асына байланысты екенін естен шығармаңыз!
Балалар дәрігері Тоғжан Айбарқызының айтуынша, қазіргі кезде
балаларда небір түсінксіз аурулар көбейіп кеткен. «Ағзасы жаңа қалыптасып келе жатқан балалардың денсаулығының нашарлауына көптеген факторлар әсер етеді. Осындай факторлардың бірі – дұрыс тамақтанбау. Баланың дұрыс тамақтануы, ағзасына қажетті дәрумендердің ас арқылы бойына тарауы маңызды. Алдымызға келген әр анаға балаға дүкеннен зиянды, сапасы күмәнді тағамдарды алып бермеуге кеңес береміз. Өз қолымызбен балаларды уламайық» дейді маман.
Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста