АЯҚТЫҢ ауруы қандай ДЕРТТЕН болуы мүмкін?

Аяқтың ауыруы көбіне елеусіз өтетін жағдай. Себебі аяғыңызды кішкене созып отырсаңыз немесе аяғыңызды жоғары көтеріп отырсаңыз, ауырғаны басылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ERNUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Алайда, аяқ ауруына мән бермей жүруге болмайды. Себебі аяқ ешқашан себепсіз ауырмайды. Ол қандай да бір дерттің алғашқы белгілері болуы мүмкін. Әсіресе тізенің төменгі тұсы мен жанының ауыруы адам денсаулығы үшін қауіпті.

 

Аяқтың ауруына:

 

Өздеріңіз білетіндей, адамның қаны әртүрлі микроэлементтермен толтырылған. Бұл ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді. Ал қанды қажетті элементтермен толықтыру үшін күнделікті тұтынатын тағамға, жеміс-жидекке, көкөніске көңіл бөліңіз. Оған қоса, ағзаны дәрумендер мен минералды затқа байытыңыз. Ал бұл заттардың тапшылығы көптеген дерттің тууына себепші болады. Мәселен, ұзаққа созылған диета, асқазан-ішек жолдарының дұрыс жұмыс істемеуі, ағзаның қоректік заттарды жоғалтуы және кальций мен магнийдің жетіспеушілі;

 

Сондай-ақ, несеп айдайтын және холестерин деңгейін төмендететін препараттарды шамадан тыс қабылдау және глюкокортикоидты гормоналды заттарды қолдану;

 

Физикалық күш салу;

 

Аяқ бұлшықеттерінің қабынуы;

 

Жіліншік аймағында түйіннің пайда болуы;

 

Варикозды кеңею;

 

Артроз және артрит, рстеопороз және остеомиелит деп аталатын сүйек қуысының инфекциясы;

 

Алкоголизм мен шылымға тәуелділік;

 

Қант диабеті ауруы себеп болады.

 

Аяқ ауруын дер кезінде емдемесе, ревматизм, аяқтың жұмсақ тіндерінің қысылуы, аяқ тамырларының лимфостазы сынды ауруға ұласуы мүмкін. Кез келген сүйек, бұлшықет немесе жұмсақ тінде қатерлі және қатерсіз ісіктер дамуы ғажап емес.

 

Аяқ ауруына себеп болатын жағдайлар:

 

Варикоз

 

Сіздің аяғыңызда көзге көрініп тұрған варикоз жоқ шығар. Алайда үңіліп қарасаңыз варикозды жұлдызшалард, торды және ісінген тамырларды көре аласыз. Бұл кезде ауру оң немесе сол аяққа емес, екеуіне бірдей ауырлық сезімін тудырады. Көзге ұрып көрінбегенімен айтарлықтай дәрежеде ауыртады. Егерн сіздің аяғыңызда варикоз болса, кешке аяғыңыз қатты шаршайды, ісінеді, кейде құрысады.

 

Микроэлементтердің жеткіліксіздігі

 

Аяқтың ауруын анықтау үшін көптеген тексеруден өту керек. Тіпті, элементтердің жетіспеуі де аяқты ауыртады. Нақтырақ айтқанда, кальций, магний және калий тапшылығы аяқты ауыртады.

 

Сүйек

 

Сүйек ауырған кезде де ауырсыну сезімі аяқта байқалады. Сіз бірден сүйектің ауырғанын сезбейсіз. Аяғыңыздың ауырғанына шағым айтасыз. Шын мәнінде, сүйек ауруларының зардабынан аяқ талықсиды, шаршайды, қақсайды. Оны өз бетіңізше емдей алмайсыз. Міндетті түрде, дәрігердің кеңесін алып, қажетті ем-шараларын қолданыңыз.

 

Қант диабеті

 

Бұл ауру көптеген дерттің дендеуіне себепші болады. Қант диабеті ауруы анықталған науқас дәрігердің нұсқауымен ем қабылдап, азықтануы тиіс. Егер ережені бұзатын болса, бір ауруына мың ауру қосатыны анық. Сол секілді бұл дерт көбінесе аяқты ауыртып белгі береді. Аяғыңыз ауырып, шаршап, құрысып қалса және тізеңіз қақсап, ауру жаныңызға батып жүрсе, шыдамдылық танытпаңыз. Бүгін аяғыңызды емдеу арқылы, бірнеше дерттің алдын алуыңыз мүмкін екенін ескеріңіз.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста