Ағзаға су жетіспегенде байқалатын 10 белгі

Әлемде әрбір үшінші адам ағзаға су жетіспегеннен зардап шегеді, бірақ олардың үштен екісі бұл туралы білмейді. Қажетті мөлшерде су ішпеу небір дерттің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, адам сусыз 72 сағаттан артық өмір сүре алмайды. Егер су жетіспесе, адам ағзасы дабыл қаға бастайды.
Тамақтың құрғауы
Ауыздың, тамақтың құрғауы, шөлдеу – дегидратацияның ең негізгі белгілері. Бұл сигналдарды жиі елемеу басқа да күрделі проблемаларға әкеп соғуы мүмкін.

Терінің құрғауы мен «сұрлануы»
Адамға су жетіспейтіні көзге анық көрініп тұрады. Өйткені, дегидратация бірден теріге әсер етеді. Бет пен қол терісі құрғап, икемділігін жоғалтады.

Көздің құрғауы
Денеге сұйықтық жетіспесе, көздің шырышты қабаты жеткілікті түрде ылғалданбайды, сондықтан көзге құм толғандай жағымсыз сезім пайда болады. Тамақтанар алдында 10 минут бұрын кем дегенде бір стақан су ішу керек.

Көз астының «көлеңкеленуі»
Көз аймағындағы майлы тін дегидратацияға да, артық сұйықтыққа да сезімтал келеді. Су жетіспеушілігінің жиі кездесетін белгісі – көз астының қараюы.

Жүрек қағысының жиілеуі
Ғалымдар дегидратация жүрек ырғағына қатты әсер ететінін ұзақ уақыт бойы дәлелдеді. Денедегі сұйықтықтың болмауына байланысты плазма көлемінің төмендеуі қан айналымының жоғарылауына және жедел импульстік ритмге әкеледі.

Бас ауруы және бас айналу
Егер бас ауырып, айналса, су ішу режиміне назар аудару керек. Өйткені су жетіспесе, миға оттегі мен қан ағыны да азаяды, осылайша бас ауырады.

Жалған дабыл
Адам көбінесе шөлдеу белгілерін ажырата алмайды, шөлдесе, қарным ашты деп шатастырады.

Бұлшық еттің ауырсынуы
Бұлшық ет көбінесе су жетіспегеннен ауырсынады. Адамның буыны мен шеміршегі 80% судан тұратынын бәрі бірдей біле бермейді. Судың жетіспеушілігі сүйек арасында үйкеліс тудырады. Демек, буындардың ауыруы, тіпті құрысулардың да себебі дегидратация болуы әбден ықтимал.

Бүйректе тас пайда болады
Суды аз ішу бүйректе тас пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Тез шаршау
Адам ағзасындағы барлық метаболикалық процестер, соның ішінде жасушалардағы энергия өндірісі сұйықтық жеткіліксіз болса, айтарлықтай баяулайды. Ең көп зардап шегетін – ми, ол 90% судан тұрады және дегидратацияға өте сезімтал. Бұл – шаршау мен бас ауруын тудырады. Сондықтан мамандар дәрі ішуге асықпауға кеңес береді. Кәдімгі бір стақан су жағдайыңызды оңалтуы мүмкін.

turkystan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста