104 жастағы Жапон дәрігерінің кеңесі

104 жастағы Жапон дәрігерінің кеңесі

Салмағыңды ұста. Жапондықтар салмақ қосуды 10 мың аурудың бастауы деп айтады.
Дәрігерге сенбе. Дәрігерлер пен емшіліктің көпшілігі пайда табуды көздеген бизнеске негізделген.
Ғылым ешнәрсені толық емдеген жоқ. Ол сол уақытта ғана ауырсынуды басады, бірақ аурудың себебін емдемейді.
Әрдайым алдын-ала жоспарла. «Егер дайын болсаңыз, қайғы-қасірет болмайды». Бұл – Жапон мақал-мәтелі.
Ауырсыну – бұл ғажап нәрсе. Ауырсынуды басатын дәрілерді қолданбауға тырысыңыз.
Мотивацияны құрметтей біліңіз. Бір нәрсені байқап көруге және оны жаңадан бастау үшін мотивация өте маңызды.
Өмірдегі барлық нәрсе үшін шынайы алғыс айта біл. Бар нәрсенің бәрі сенде болуы міндетті емес. Мысалы, жақсы көретін адамың, ұнатқан затың, жұмыс-қызметің дегендей… Сондықтан барыңа риза бол.
Жеделсатыны пайдаланба. Дененің төменгі бөлігін дамыту – ұзақ және сау өмірдің құпиясы.
Уайымдауды доғарыңыз. Болуы тиіс нәрсе бәрібір болмай қоймайды.
Білгеніңмен бөліс. Білім мұхит сияқты. Мұхиттан шөмішпен су алып, өзгемен бөліскенмен, оның суы азаймайды.
Ақшаға ессіз ғашық болма. Ақша – тек құрал ғана. Бақыт ол жерде ғана болмайды.
Өнеге бола алатын бірдеме тап. Өзің ең жақсы жасай алатын нәрсені істеп, басқаларға үлгі бол. Мысалы, жақсы күле білу, жаза білу өнері т.с.с.
Зейнетке шығу туралы ойлама. Қоғамға белсенді бол.
Әрқашан миыңды жұмыс істете біл. Денеңді шынықтырып дамытқандай, миыңды да дамыта біл.
Ешқашан тоя тамақтанба. Ас-ауқатты асқазанның 80%-нан асырма.
Күн сайын бір стакан қызыл шарап іш. Ол аурудың алдын алады және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады.
Жақсылап ұйықтап демал. Шаршауды басу үшін 8 сағаттық, кем дегенде 6 сағат ұйқы керек.
Шын жүрегіңізбен күле біліңіз. Стресспен күресудің ең жақсы тәсілі.
Кешіріп үйрен. Ренжігіш адам іштей мүжіледі.
Омега 3-ке бай тағамдар қолданыңыз. Жасыңыз емес, ақыл-ойыңыз жас болуы маңызды.


Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста