Әйелдерді құрметтеу ме, алдау ма?

Әйелдерді құрметтеу ме, алдау ма?

8 Наурызда еліміз әдеттегідей Халықаралық әйелдер күнін мерекелейді. Осы бір атаулы күннің пайда болғаны үшін кеңестік кеңістік елдері белгілі бір дәрежеде Батысқа, нақтырақ айтқанда, америкалықтар мен атақты неміс революционері Клара Цеткинге «қарыздар».

Яғни осыдан 153 жыл бұрын, дәл осы күні Нью-Йорк тоқымашылары жалақының аздығы мен еңбек жағдайының төмендігіне наразылық білдіріп, ереуілге шықты. Ал 1910 жылы Копенгагенде өткен халықаралық әйелдер конференциясында Клара Цеткин 8 наурызды әйелдер күні ретінде дүниежүзі бойынша ресми түрде тойлауды ұсынды. Содан бастап үрдіске айналған аталмыш мереке жылма-жыл үздіксіз аталып өтумен келеді. Бірақ бір нәрсені ескергеніміз абзал: табиғаттың ең тамаша жаратылысы – әйел-ару, әйел-ана, әйел-жар әлдебір атаулы күндердің болған-болмағанына қарамастан, жыл  он екі айдың бүкіл 365 күнінде қамқорлық пен ынта-ықыласқа зәру.
Өзінің ең алғашқы қаулы-қарарларымен-ақ «әйелдер теңдігін» насихаттаған кеңестік жүйе нәзік жандардың о баста Құдай жаратқан нәзік болмысын ақылға сыймастай етіп өзгертті. Сөйтіп, әйел заты тас қалаушы да, бетон құюшы да болды, қиян-кескі ұрысқа ер-азаматпен қатар кіріп, жалаң қолмен жауға шапты. Бүкіл кеңестік жүйе бойына әйел затының миына оның ең әуелі жарқын болашақты өз қолымен құрушы жұмыскер екені сіңіріліп келді. Мысалы, қазірдің өзінде еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің 57 пайызын әйелдер құрайды екен. Алайда әйелдің қоғамдағы рөлі артқанымен, есесіне отбасындағы үлес-салмағы әлсіреп, бала тәрбиесі де мейлінше ақсады. Бұл көрініс «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» болып кеткен ана бір жылдары ерекше белең алды. Жұмыстан босаған ер-азаматтың дені шарасыздықтан маскүнемдікке салынып, шиеттей бала-шағаның ауыртпалығы өз мойнына түскен сол бір кезеңдерде ала қап арқалауға да арланбаған аналар, үлкен күш-қайрат таныта білді. Құдайға шүкір, қазір заман айтарлықтай түзелді. Дегенмен жоғарыдағыдай факторлардың салдары әйел-ана денсаулығына сызат түсірмей қалған жоқ. Ал тұтас ұлттың саулығы, ең алдымен, өмірге ұрпақ әкелуші аналардың денсаулығына тікелей байланысты. Бірақ өкінішке қарай, әйелдер арасында қанның аздығы, сүт бездері аурулары, кеуденің қатерлі ісігі тәрізді дерттердің дендеп бара жатқандығы соңғы уақытта жиі айтыла бастады. Мұның сыртында тонау, ұрлық-қарлық, алдау-арбау секілді алаяқтық әрекеттер мен отбасындағы зорлық-зомбылық пен денсаулығына қатер төндіретін күш көрсетулердің құрбаны болатын нәзік жандар қаншама! Басқа-басқа, тап қазақ әйелдері осындай қиянаттардың қай-қайсысын да үнсіз көтереді, маңдайына жазылған әділетсіз тағдырға еріксіз болса да мойынсұнады. Өйткені қандай жағдайда да бала-шағасының толыққанды отбасында тәрбиеленгенін қалайды. Осының бәрін саралай келе, кейде «бұл дүниеде әйелден өткен мұңлық жоқ шығар» деп те ойлайсың.
Қалай болғанда да, бізде «Әйелдер күні» нәзік жандарды алдау есебінде болып отыр. Байқасаңыз, жұбайы залдағы жайлы диванға жайғасып, теледидарға телміруге ойысқанда, мереке «падишасы» күйіп-пісіп, ас бөлмедегі пештің жанында жүреді. Одан ары қарайғы көрініс тіпті таныс: аста-төк дастарқан, ағыл-тегіл мейман. Көңілі шалқыған ерлер қауымы шарап теңізінде шомылуға көшеді де, әйел атаулы өзіне әбден үйреншікті болған күнделікті күйбеңіне кіріседі.
Мейлі ғой, ол да ештеңе емес. Ең өкініштісі – өз махаббаты мен мейіріміне, қамқор көңіліне, ең болмағанда, жай ғана жылы сөзіне сүйіктісінің әр сәт сайын мұқтаж екендігін ерлер қауымының көп жағдайда естен шығарып алатыны ғана...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста