Әскеріміздің бес қаруы сай ма?

Бақайшағына дейін мұздай қаруланған жау болса да, бес қаруы сай әскердің айбыны асқақ екені анық. «Бес қаруы сай» дегеніміз – бұл жан-жақты дайындық. Техникалық та, материалдық та, тіпті моральдық, психологиялық та және, ең бастысы, білім-біліктіліктің жоғары болуы шарт.
Біз – ғасырлар бойы еліміз бен же­ріміздің қорғанысына айрықша жоғары мән беріп келген халықпыз. Ал қазіргі Тәуелсіз Қа­зақстанның қорғаныс саласы қандай бағаға лайық? Жаман емес, әрине. Қазақстан­ның әскери бюджетi 2007 жылы 1 млрд 220 миллион долларға жетті. Сол жылы еліміздің әскер қатарындағылардың саны 74 мыңнан асты. Ал халқы бiзден екi еседей артық көрші Өзбекстанның әскерлерi 68 мың адамды құраса, бюджеті 302 млн доллар ғана. Тағы бір мысал, Түрікменстан үшін әскер санын да, бюджетін де көтеру арман болып тұр, яғни 50 мың әскер, 116 млн доллар. Айта кетсек, артық болмас, Тәжiкстанда 15 мың әскер, қаржысы – 52 млн доллар. Айыр қалпақ аға­йындар (Қырғызстан) бұрынғы КСРО елдері арасында 11 мың әскерімен (40 млн доллар) тізімнің ең соңында тұр.
Алайда бұған тоқмейілсуге болмайды. Өйткені Қазақстан мен біз үлгі етіп отырған елдердің қорғаныс салалары ахуалының арасы жер мен көктей. Былайша айтқанда, көшбасшы елдер күш-қуатын әскерінің беделімен өлшейді. Орталық Азияда абы­ройымыз асқақтап тұрғанымен, байтақ же­рімізге жерік болып отырған алпауыт елдер үшін біз әзірге әлсізбіз. Статистикалық мәлі­метке жүгінсек, әскерлеріміз жалпы халықтың бір пайызын да құрамайды екен.
Осыдан барып мынадай сауал туын­дайды: «Әскери қызметке сұраныс неге жоқ?» Бұрындары, яғни КСРО кезінде әскери қыз­меткерлердің мәртебесі биік болатын. Оларға көптеген жеңілдік жасалып, мемле­кеттің өзі «басқасы – бір төбе, әскеріміз – бір төбе» деп, айрықша қамқорлық танытатын. Өйткені әскери адамдарға қойылатын талап күшті, жауапкершілік зор. Жұмыс бабымен жыл он екі ай қоныс аударып, күн-түнге қара­май, ел күзету – шынымен де оңай шаруа емес. Кезінде олар жалақыға да шағым­данбайтын. Бас­панамен қамтамасыз етіліп, еңбек дема­лыстарында шипажайларда тегін емдел­гендері тағы бар. Олар тіпті балалары үшін балабақша кезегінде де тұрмайтын. Бәрін айт та, бірін айт, қоғамда да ерекше құрмет көрсетілгенін барша жұрт біледі. Әскери киімдегі кез келген адамға Отан күзетшісі ретінде қарап, жеткіншектер бой түзесе, ересектер оларға бейбітшіліктің кепілі ретінде қарайтын.
Өткен-кеткенді ой елегінен өткізген «Әскери стратегиялық зерттеулер инс­титуты» АҚ президенті Георгий Дубовцев былай дейді:
– Рас, Тәуелсіздік алған жылдары еліміздің қорғаныс саласы тоқырауға ұшырады. Жылда әскери оқу орындарына талас күшті бо­латын. Ал 1990-1995 жылдар шамасында тіп­ті талапкерлер саны күрт төмендеп, студент жинай алмай қалды. Осының өзінен-ақ әскери қызметтің мәртебесінің қаншалықты түсіп кеткендігін байқауға болады.
Жағдай жылдан-жылға түзеліп келеді, оны мойындау керек. Әрине, бұдан да жақ­сарту қажет-ақ. Ол – уақыт өте реттелетін ша­руа. Естеріңізде болар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» За­ңына қол қою арқылы әскери қызмет пен әс­кери қызметкерлердің мәртебесін көтеруге айрықша көңіл бөліп отыр. Кезінде келмеске кеткен жеңілдіктер мен көмектер де қайта қалпына келтіріліп жатыр. Қысқасы, бұрынғы КСРО елдері арасында әлеуетіміз күшті. Әри­не, АҚШ, Еуропа елдері немесе бауырлас Түркиядағы жағдаймен салыстыруға кел­мейді. Өйткені олардың экономикалық жағы Қазақстаннан әлдеқайда озық. Бар гәп – осында. Әскери қызметкерлердің қоғам­дағы орнының деңгейін мен екіге бөліп қарар едім. Біріншісі: қарапайым адамдар арасында әскери құрылымның беделі жоғары, өйткені олар, мәселен, күш құрылымына жұмысқа тұру үшін әскери атақтың міндетті екендігін біледі. Ал баласының болашағын өз жауап­кершілігіне алған қалталы ата-ананың көзқарасы басқа. Сөз болып отырғандай, әскери қызметкерлердің қоғамдағы артық­шылықтары белгілене бастады деуге болады. Мәселен, 7 мамыр күні бұдан былай демалыс күні деп саналатын болады. Елбасы Жарлыққа қол қойды. Осының өзіне қарап, сең қозғалды дер едім.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста