Берлиндегі «азат етуші жауынгер» – Қызылжардың Иваны

Берлиндегі «азат етуші жауынгер» – Қызылжардың Иваны

Берлиннің төріндегі Трептов-паркте тұрған Ұлы Отан соғысына арналған ең танымал ескерткіштердің бірі «Азат етуші жауынгер» мүсінінің түптұлғасы қазақстандық Иван Одарченко екенін біреу білер, біреу білмес. Оң қолында қанжары, сол қолымен кішкентай сәбиді құшақтаған жерлесіміздің қола бейнесі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің бес жылдығына орай жасалған болатын. Кезінде саябаққа қою үшін бұл мүсінмен қатар, қолына глобус ұстаған Сталиннің ескерткішінің жобасы да ұсынылған екен. Бірақ Сталин өзін емес, кеңес солдатының мүсіні тұрғанын қалапты.

Жеңіске жеткен ел болғандықтан, КСРО Берлинді әскери құрылымның қарауына беріп, қаланың коменданты болып генерал Николай Берзарин тағайындалады. Оған шаһардың төріне жеңімпаз елдің айбынын аңғартатындай ескерткіш орнату бұйырылғаны және мүсінші Евгений Вучетичтің жіберілгені жөнінде әскери журналист, соғыс жылдары майдан газеттерінде істеген қазақстандық Василий Скоробогатовтың «Отгремели залпы» деген кітабында жазылған.

Берзаринмен кездесіп, тапсырманың маңыздылығын түсінген мүсінші өзіне барынша еркіндік беруді, мүсінге лайықты тұлғаны таңдағанда жоғарыдан ешқандай қысым жасалмауын өтінеді. Генералдың келісімін алған мүсінші Берлин гарнизонын аралап, ескерткішке лайық жауынгерді іздеуге кіріседі. Оның ойынша, бұл жауынгер зор денелі, қаһарман, сондай-ақ қайырымды, жүзінен жылылық сезілетіндей болуы керек. Вучетич ойындағы адамды біраз іздеп, ақыры жолықтырады. Берлиннің Вайсензее ауданында кеңес жауынгерлері арасында жарыс өтіп жатады. Кроста жүгіріп келген Иван Одарченко өзгелердің жарысты қалай аяқтайтынын аңдып тұрады. Оның дене-болмысын, тұрған тұрысын біраз бақылаған мүсінші бұл жігітті лайық деп тауып, оған ойын жеткізеді.

Вучетич бастаған мүсінші-сәулетшілер алғашында екі ескерткіштің жобасын жасап, Сталинге жібереді. Біріншісінде – құтқарылған балдырғанды көтеріп тұрған қарапайым жауынгер, ал екіншісінде әлемді бағындыру нышанын білдіретін глобусты ұстап тұрған Сталин сомдалған. Көсем біріншісін дұрыс деп табады, бірақ айбындырақ көріну үшін қолындағы автоматты семсермен алмастыруды тапсырады.

Сөйтіп, қазақстандық жауынгер Иван Одарченко жарты жыл бойы мүсіншінің жанында болады. Ескерткіштің гипстен жасалған моделі Ленинградқа жіберіліп, қоладан құйылады. Кейін Берлинге жеткізіліп, 1949 жылдың 8 мамыр күні салтанатты түрде ашылады. Бір қызығы, әскери борышын өтеу барысында Иван Одарченко бірнеше рет өзі сомдалған ескерткішті күзетуге де қатысыпты.

Енді Иван Одарченконың өмірі туралы бір-екі ауыз сөз. Ол 1926 жылы қазіргі Ақмола облысының Новоалександровка селосында туған. Сұрапыл соғыс басталып, әкесі Степан мен ағасы Петр майданға аттанады. Екеуі де жау оғынан қаза табады. Ал Иван 16 жасында кеңшарда бригада басқарады. 1944 жылы әскер қатарына шақыртылып, алдымен Аягөздегі полкте оқиды. Кейін майданға аттанған ол 9-гвардиялық армияның 114-дивизиясының құрамында соғысады. Чехияны, Венгрияны, Австрияны фашистерден азат етеді. Жеңістен кейін ол Берлинде кеңес әскерінің қатарында әскери борышын одан ары өтеп, 1949 жылы ғана босайды. Қазақстанға келер жолда Тамбовта тұратын қарындасының үйіне соғып, сонда тұрақтап қалып қояды. 37 жыл бойы «Автотрактордеталь» зауытында темір жонушы болып еңбек етеді. Ол «Ерлігі үшін» медалімен,
«І дәрежелі Отан соғысы» және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

«Азат етуші жауынгер» ескерткіші
Ескерткіштің жалпы биіктігі – 28,6 метр, ал мүсіндікі – 12 метр.
Салмағы – 45 тонна.
1949 жылы 8 мамырда ашылған.
2004 жылы 1,35 миллион евроға күрделі жөндеу жүргізілді.
Авторлары: мүсінші Е.П.Вучетич, сәулетші Я.Б.Белопольский

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста