«Жырлайды жүрек» байқауында балалар бақ сынауда

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Күллі қазақтың маңдайына біткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың даралығын, оның дарыны мен парасатын мойындамайтын жан жоқ шығар, сірә. «Өлсе өлер – Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп ақынның өзі жырлағандай, жер бетінде қазақ деген ұлт барда ғасырда бір туатын тұлғаның есімі де, жүрегінен жыр болып төгілген сөздері де ешқашан өлмек емес. Кеше Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралардың жалғасы болып табылатын «Жырлайды жүрек» атты III республикалық байқау басталды.
Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпі­рі­нен келген екі жүздей оқушы қатысуда. Атап айтқанда, Ақтөбе облысы Шалқар қа­ласынан, Қарағанды облысы Жез­қаз­ған­нан, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен жә­не Семей қалаларынан, Қызылорда облы­сы Қазалы ауданынан, Оңтүстік Қа­зақ­стан облысы Шымкент қаласынан, Жам­был облысы Тараздан, Алматы об­лы­сы­ның бірнеше ауданынан және Ал­маты қаласынан біршама өнерпаз балалар бақ сынасуда. Көркемсөз оқу мен Мұ­қа­ға­ли Мақатаевтың сөздеріне жазылған ән­дерді орындаудан сайысқа түсіп жатқан ба­лалар бұған дейін де бірнеше бай­қауға қаты­сып, лауреат атанып жүрген на­ғыз қас ше­берлер. Байқау шарты бо­йын­ша қатысу­шылар 6 жастан 9 жасқа де­йін­гі, 9 жастан 14 жасқа дейінгі, 14 жастан 16 жасқа де­йінгі балалардан құралған үш топ­қа топ­тас­тырылған.
Қара өлеңді қастер тұтқан жас өрен­дер­дің өнеріне ҚР Мәдениет қайраткері, саз­гер Бейбіт Дәлденбай бастаған әділқа­зылар алқасы баға берді. Сондай-ақ тө­ре­ші­лер құрамында «Мұқағали» журналының бас редакторы, ақын Батық Мәжитұлы; Жа­зушылар одағының мүшесі, ақын Иб­ра­гим Исаев; Мұқағали Мақатаев атын­да­ғы халықаралық қоғамдық қордың пре­зи­денті Бақытгүл Қыдырбайқызы; «Шал­қар» радиосының жүргізушісі Гүлбағыш Бос­тан; балалар байқауының ұйым­дас­ты­ру­шылары, әнші Айман Тоқтарбекқызы жә­не продюссер Болат Есіркепов тағы да басқа қоғам қайраткерлері мен өнер ие­ле­рі болды.


Бақытгүл ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ, Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қордың президенті:
– Қазақ жазба әдебиетінде Абай­дың са­ра жолын жалғастырған ірі тұл­ға­лар көп-ақ. Солардың бірегейі, шы­на­йы поэ­зияның шыңына шыққан ақын – Мұ­қағали Мақатаев. Бүгінгі жас ұр­пақ ақын аталарының өлеңін оқып, өз өнер­­лерін дүйім жұртқа паш етіп, са­йыс­қа қатысуға ниет білдіріп, жан-жақ­тан ағылып келуінің өзі – қара өлеңнің өмір­­шеңдігінің белгісі. Мұндай бай­қау­лар өскелең ұрпақтың әдебиетке, ұлт­тың ұлылығын танытатын биік тұлға­лар­­ға деген құрметін арттырып, елін-же­­рін сүйетін патриот азамат болып өсуі­­не оң әсерін тигізбек. Бала кезде жат­­таған өлең адамның мәңгілік жа­дын­да сақталады. Ендеше, осы байқау­ды ұйым­дастырушылардың, байқауға қа­ты­сып жатқан балалардың ұстаздары мен ата-аналарының еңбегі еш кетпей­ті­ніне сенімдімін.

Өткен жылдың жазында Алаштың ар­дақ­ты ақыны Мұқағалидың 80 жылдық мерейтойы өзінің туған жерінде дүркіреп өткенін бәріміз білеміз. Осы тойда өнер көрсеткен еліміздің өнерпаз жасөспірімдері «Жырлайды жүрек» байқауының шымыл­дығын шағын концертпен ашты. Әуезді ән­мен басталған мерекелік шара бірнеше күн­ге жалғаспақ. Байқау жеңімпаздары ар­найы дипломмен және бағалы сый­лық­тармен марапатталады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста