Жылқы жылы жарыққа шыққан фильмдер

Биылғы жылы киноқорымыз біршама фильмдермен толықты. Жылқы жылы көрермендердің бірін күлдірген, бірін жылатқан, енді бірінің ашуын келтірген «Кемпір», «Сәбина келін», «Абайлаңыз, сиыр», «М.Агент» секілді фильмдер жарыққа шықты. «Алаш айнасы» көрерменнің есінде қалған ерекше фильмдердің тізімін жасады.

«Елес қуған сайыпқырандар»

Режиссер: Марина Кунарева
Рөлдерде: Санжар Мәдиев, Әсель Сагатова, Никита Пресняков, Кристанна Локен, Арманд Ассанте

Фильм туралы: Оқиға болашақ өмір туралы. Ғалымдар жер бетіндегі қылмыспен күресудің жолын табады: олар жалпыға ортақ GS қауіпсіздік жүйесін қолданады. Алайда GS корпорациясын жасаушылардың негізгі жоспары «Елес» деп аталатын құрылғы арқылы адамдардың ақыл-ойын бақылауда ұстау. Осы жағдайды бірнеше адамның өлімі өзгертеді.


Фуга
Режиссер: Еркебұлан Жолдасов, Самат Базыханов
Рөлдерде: Әсел Сәдуақасова, Рано Умарова, Дастан Оразбеков
Фильм туралы: Майя қалай екені белгісіз ну орманның ортасында қалады. Бұл жерге қалай келді, не болғанын анықтау үшін ол өзінің ақыл-есімен алдысып әлек. Өйткені ол диссоциативті фугаға шалдыққан.

«Абайлаңыз, сиыр!»
Режиссер: Асқан Ұзабаев:
Рөлдерде: Баян Есентаева, Айгүл Иманбаева, Азамат Сатыбалды
Фильм туралы: Жәбірлеу мен сатқындықтан әбден жапа шеккен Айгүл өзінің туға ауылынан кетіп қалады. Кейін біраз уақыт өткеннен кейін аққудай таранған аруға айналып ауылына қайтып оралады.

«Кемпір»
Режиссер: Ермек Тұрсынов
Рөлдерде: Ғазиза Әбдінәбиева, Қадырбек Демесін, Ісбек Әбілмәжінов, Мұрат Нұрасылова, Асанәлі Әшімов
Фильм туралы: Шалғай жатқан қазақ ауылында кемпір мен шал тұрады. Ауыл адамдары ақсақалды қортық Қайырғали деп атайды. Қайырғали өзінің кемпірі Күлпашты мектепте оқып жүрген кезінен таниды, бірін бірі 40 жылдан бері біледі. Қортықтың өте қиқар екі досы бар. Сол екі шал Байбет пе Сәскебай жас кездерінде Күлпәшқа ғашық болған. Осы кейіпкерлердің махаббаит хикаясы өте қызық.

«М-Агент»
Режиссер: Еркін Рақышев
Рөлдерде: Зәуре Көпжасарова, Гүлшарат Жұбаева, Жасұлан Молдақұл, Дина Тасболатова
Фильм туралы: Басты кейіпкерлер ауқатты отбасылардан шыққан жас, алаңсыз студенттер. Бірде олар әдеттегідей көңіл көтеріп, отырыстан қайтып бара жатқанда бір қыз баланы көліктерімен қағып кетеді. Не істерін білмеген олар полиция шақырудан қорқып, қыздың денесін қала шетіндегі шұңқырға апарып тастайды. Жас балалар осылайша қылмыстың ізін жасырдық деп ойлайды. Алайда жас балалар құпия жағдайда бірінен кейін бірі өле береді. Қалада адамдармен «Агент» интернет-мессенджері арқылы танысып, оларды өлтіретін маньяк пайда болыпты деген сыбыс тарайды. Бұл іске полиция, журналистер аралсады.

«Қамау»
Режиссер: Сапар Төлеген
Рөлдерде: Мақпал Исабекова, Данияр Қуантқанов, Иван Бреусов, Бибо
Фильм туралы: Айман өте биязы, білімді қыз. Ол өзінің сүйіктісі Азматты кезіктіріп оған тұрмысқа шығады. Тұрмысқа шыққаннан кейін Айман өзін толығымен отбасыан арнайды. Алайда ертегі ұзаққа созылмайды, Азмат әйелін жазықсыз ұра бастайды. Айман өз күйеуінің қызғаншақ, қызуқанды екнін біледі. Айман өзін өз үйінде қамауда отырған тұтқындай сезінеді.

«Қазақша тонау»
Режиссер: Қайыржан Орынбеков:
Рөлдерде: Аружан Жазылбекова, Жандос Айбасов.
Фильм туралы: Фильмдегі бас кейіпкер банкте қарапайым жұмысшы. Бірақ ол үлкен жзетістіктерге жетуді армандайды. Бірақ ол өзінің достарымен бірге жемқор полицейлердің қолына түседі. Оларды банк тонады деп айыптайды.

«Сәбина келін»
Режиссер: Нұртас Адамбаев
Рөлдерде: Нұртас Адамбаев, Айнұр Ілиясова, Ерлан Қасымжанұлы
Фильм туралы: Сабина – алматылық ерке қыз. Ата-анасының байлығының арқасында ол тек еуропалық бренд киімдерді киіп, көңіл көтерумен өтіп жатады. Қыздың арманы – арабтың шейхына тұрмысқа шығып, Қазақстаннан Дубайға кету. Бір күні Сәбинаның өмірі ойламаған жерден өзгереді. Ол аяқ астынан Жүгері аулына тап болады. Онда Сәбина сұлу машлы Жәнібектің әйелі болып, қазақтың келіні атанады. Ендігі жерде оның арманы – ауылдан қашып кету.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста