Жыл оқырманы анықталды

Жыл оқырманы анықталды

Биыл – Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №4 кітапханасы үшін ерекше мерейтой жылы. Биыл білімге құштар қауымның сүйікті ордасының ашылғанына 55 жыл толып отыр. Осыған орай таяуда киелі шаңырақта жыл бойы кітапханада өткен игілікті істерді насихаттау және кітапхананың білімді оқырмандарын көпшілікке таныстыру мақсатында «Жылдың үздік оқырманы - 2009» оқырмандар бенефисі өтті.

 Бүгінде Сағым Кәденқызы басшылық етіп отырған №4 кітапхана 1955 жылы құрылған. Кітапхананың 13 541 оқырманы бар. Кітап оқуға уақыт табыла бермейтін, есесіне интернет сайттарындағы ақпараттардың ағымы уақыттан жаңылыстыратын, зымыраған мына заманда рухани азық іздейтін жандардың бар екендігі қуантады. Әсіресе аталған кітапхана оқырмандарының дені жастар екенін, олардың білімге деген құштарлығының зор екенін аталған кітапханада өткен білім додасында байқадық. Кітапқұмар оқырманның ортасынан озып шыққандар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс студенті Балнұр Қалабаева, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 2- курс студенті Нұрғазы Ахымбеков, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 3-курс студенті Мерей Қасенбаева, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің 3-курс студенті Жарылқасын Жомартов пен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 3-курс студенті Жеткіншек Меңдіғалиев сынды жастар. Олар «Сәлем – сөздің анасы», «Бәйге» зияткерлік ойындары мен «Ұлы дала ойындары» тележобасы негізінде ұйымдастырылған танымдық сайыста бақтарын сынап, «Жылдың үздік оқырманы» атақтарына ие болды. Сондай-ақ оқырмандар мерекесі аясында «Құрметті кітапханашы», «Үздік оқырмандар ұжымы», «Жылдың үздік журналисі», «Кітапхана меценаты», «Кітапхана жанашыры», «Жылдың үздік көпшілік шарасы» секілді аталымдар бойынша алғысхаттар мен сыйлықтар тапсырылды. Мәдени шара бас демеуші «Адал Азамат» қоғамдық қорының қолдауымен өткізілді.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста