"Шаншар әзіл-сықақ театрының" актері Жүсуіп Ақшораның жары және немересімен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді. Бұл фото juldyzdar_tv Instagram парақшасында жарияланды.
Отбасылық суретті көрген көпшілік оларға ыстық лебіздерін білдіруде. - "Әйелі өте сүйкімді жүзінен нұр төгілген жан екен. Сіздерге бақыт тілеймін!. Тіл көзіміз тасқа бір жастықта қартайыңыздар", "Бақытты болыңыздар!", "Отбасы аман болсын! Жаңа жыл қутты болсын! Заманымыз тыныш халқымыз аман болсын!", "Жүсіп ағаны қаттыжақсы көрем", "Тамаша актер. Отбасымен аман болсын!", "Қазақ юмористерінің ішінде ең өнерлі адам" - дейді желі қолданушылары.