Айнұр Тұрсынбаеваның «Теңіздегі тренинг» курсына қатысқан қазақстандық қыз-келіншектер әлеуметтік желіде ақынға алданғандарып айтып, өкініштерін айтып жатыр. Олардың хаттарын елімізге белгілі дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Instagram парақшасында мәлім еткен.
«Басқа-басқа ол «апам» солай жасайды деп ойламаппын. «Бір Алла» деп сөйлегенге сеніп қалдым. Алаяқтарға кеткен ақшама ішім удай ашып, жыладым. Олар туралы Хавва деген Ыстанбұлдағы қыздың инстасына коммент жазып едім, шабармандары шығып, «адвокатымыз сізді іздеп жатыр» деді. Хавва деген қыздың туризмге заңды турлары бар екен. Айнұр енді сол қызды сағалап жүр, өте қу екен. Жұрттар жамандаса «біреудің өмірі ғой, біреу туралы айтпа» деп қорғайтын едім. Енді жүрген жерімде «мүмкін болса алданбаңыздар» деп айтып жүремін. Алла есіркесін, одан басқа айтар сөзім жоқ», — деп жазды Бота есімді тренинг қатысушысы.
Өзін айыптаушылар қатары көбейген соң айтыскер ақын, мотиватор Айнұр Тұрсынбаева Instagram парақшасын жауып тастады. Оны енді кез-келген адам көре алмайды.