Абай Бегей әлеуметтік желідегі парақшасына жап-жас қызбен түскен суретін салып жұртты қызықтырып қойды. Желі қолданушыларының бірі оны үлкен қызы деп ойласа, енді бірі көңіл қосып жүрген адамы болуы мүмкін деп болжады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірер ай бұрын әнші бейтаныс келіншекпен түскен суретін желідегі парақшасына салып жұртты шулатқан болатын. Тыңдармандары оны екінші рет үйленгелі жүр деп ойлаған-ды. Алайда олардың бұл ойлары қате болып шықты. Кейін ұзын құлақ Ақбота Керімбекова екеуінің шаңырақ көтергелі жүргенін хабарлады. Десе де, Ақбота ханым араларында достықтан өзге ешнәрсе жоқ екенін айтып, қауесетті жоққа шығарды.
Бүгін міне әнші әлеуметтік желідегі парақшасына жап-жас қызбен түскен суретін салып қойды. Бұл жолы тыңдармандары оны сөкпеді. Бойжеткеннің сұлулығы тамсандырса керек, оның кім екенін білуге асықты.
“Көңіл қосып жүргенге ұқсайды. Әй, бірдеме бүлдірмегін”, “Керемет, Әбеке!”, “Ммм… кім екен өзі?”, “Қасыңыздағы әдемі қыз кім?”, “Ал енді сұрақтың астына қалатын болдың ғой, Әбеке” дейді желі қолданушылары. Арасында “Қайдан білесіңдер, өзінің үлкен қызы шығар. Қазақтар-ай осындайларыңды қашан қояды екенсіңдер. Қазақ десе тағы өзімізге тиеді ғой” деп қорғап сөйлегендер де болды.
Әншінің келіншегі Нұржанат ханым 2015 жылы дүниеден озған болатын. Бүгінде ол Жалғас, Әмина, Ерке, Сымбат есімді ұл-қыздарын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.