Журфак жаңа бастамаларға жол ашуда

Журфак жаңа бастамаларға жол ашуда

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журна­лис­тика факультеті Қазақстандағы журналист мамандарын да­йын­дайтын бірден-бір жетекші оқу орны болып табылады. Факуль­тетте біліктілігі жоғары оқытушылар мен бұқаралық ақ­па­рат құралдарының тәжірибелі мамандары жұмыс істейді. Про­­фес­сор-оқытушы құрамының жалпы саны – 58. Ғылым док­торлары, профессорлар – 12, ғылым кандидаттары – 34, аға оқы­ту­­шылар – 8.

Университетімізде 2011 жылдан бастап зерттеу университетіне айналу жолында қарқынды қадамдар жасалып, іргелі бағ­дар­ламалар қабылданып жатыр. Бағдар­­ламаға сәйкес, университетте құрылымдық күрделі өзгерістер жүргізіліп, үлкен жұмыс­тар атқарылды. Мәселен, журналистика факуль­тетінде бұрын бес-алты оқытушыдан тұратын кафедралар біріктіріліп, үлкен ма­ман­дандырылған ғылыми-зерттеу орталы­ғымен тең келетін үш кафедра жасақталды. Олар: баспасөз және электронды БАҚ, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика жә­не қоғаммен байланыс, баспа ісі және дизайн.
Журналистика факультеті жоғары оқу жүйесіндегі өзінің ғылыми-теориялық жә­не ғылыми-зерттеушілік қызметін ойда­ғыдай атқарып келеді. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Біздің ұлтымыздың әлеуе­тін оятатын және оны жүзеге асыратын интеллектуалдық төңкеріс қажет» деген пі­кірін алға ұстана отырып, Әл-Фара­би атындағы Қазақ ұлттық универси­те­тінің про­фессорлық-оқытушылық құра­мы­ның, жас ғалымдар мен студенттердің алдында тұрған басты міндеті – ұлттық ғы­лымды жаңа сатыларға көтеру бағытында ғылы­ми-зерттеу жұмыстарының сапалық дең­гейін арттыру болып отыр.
Бүгінде факультетте үлкен бастамалар қолға алынуда. Ең бірінші кезекте журналистика факультетінде ауқымы кең кездесулер ұйымдастыратын конференц-зал жоқтығы ескеріліп, деканның бастамасымен заманауи келбетке ие профессор Т.Қо­жакеев атындағы мәжіліс залы ашылды. Бұл зал бүгінгі күнде университет көлемін­дегі ең ірі көрнекті орындардың біріне айналып та үлгерді.
Қолға алынған табысты шаралардың бірі – Студенттердің баспасөз орталығын құру идеясы болды. Осы негізде бұл орта­лықтың іргетасы жаңадан қаланып, қазіргі таңда журналистика факультетінің білім алушылары өздерінің кәсіби білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар биылғы жылы факультет ұжымының бастамасымен студент­тердің құқықтық салаға бейімделуіне үл­кен көңіл бөлінді, осы бағытта еліміздің заң саласында қызмет ететін танымал құ­қық қорғаушылармен және «Заң» газеті, «Фе­мида» журналдарының ұжымдары­мен, құқықтық сала бойынша маманданған белгілі журналистермен кездесулер және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Бұл бағыттағы ең үлкен ауқымды шара – осы жылдың 14 ақпанында университет көлемінде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Б. Бекназаровпен «Құқықтық журналисти­каның даму бағыттары» атты үлкен семинар-кездесу өткізілді. Бұл кездесуге елі­міздің беделді БАҚ басшылары, ғалымдар және журналистика факультетінің студенттері қатысты, ең бастысы – ҚР Жоғарғы со­ты­ның төрағасы Б.Бекназаров «Құқық­тық тақырыпта сауатты жаза білетін кәсіби мамандар даярлауға еліміздің сот жүйесі мамандары өз көмектерін аямайды және бұл бағытта журналистика факультетімен бірлесіп үлкен шаралар ұйымдастырамыз», дей келіп, оның алғашқы қадамы ретінде – студенттердің оқу-өндірістік тәжіри­белерін сот жүйелерінде өткізуге өз рұқ­сатын беруі болды.
Журналистика факультетінде студент­тердің құқықтық саламен қоса, экономи­калық, мәдениет, денсаулық және т.б салалар бойынша өз білімдері мен біліктіліктерін арттыру мәселесіне үлкен ден қойы­лып отыр.
Факультетте профессор-оқытушылар­дың кәсіби біліктілігін арттырып, педа­го­гикалық тәжірибелерін жетілдіру мәселе­сіне көп көңіл бөлінген. 2010-2011 жылдары «Болашақ» халықаралық бағдар­ла­масы бойынша үш оқытушы, яғни Польша елінің Познания университетінде және АҚШ-тың Оклахома университетінде кәсі­би біліктіліктерін жетілдіріп қайтты. Сонымен қатар факультет оқытушылары Ресейде, Чехияда, Австрия және Белоруссияда жә­не АҚШ университеттерінде ғылыми жә­не тәжірибелік тағылымнан өтіп қайт­ты.
Соңғы үш жылда журналистика факуль­теті оқытушыларының 48 оқу және әдіс­те­мелік құралдары жарық көрді, оның ішінде 25-і мемлекеттік тілде.
ҚР мен жақын шетелдердің ғылыми жур­налдарында 80 мақала жарияланды. Оның 40-ы имидждік және газеттерде жа­рия­ланған 300 мақала студенттер мен ма­гис­транттардың қатысуымен жарық көрді. Сонымен қатар 120 ғылыми еңбек, оның ішінде нөлдік емес импакт-факторлы басылымдар – 3, ТМД-да – 5, халықаралық кон­ференцияларда – 15, республикалық басы­лымдарда 15 жарияланым шығар­ды.
Бітіруші түлектердің білім мен біліктілігін бағалау үшін елімізге танымал ға­лым­дар мен журналистер шақырылады, мәсе­лен, соңғы жылдары мемлекеттік емтихан төрағасы болған профессор Ш.Р.Ел­еу­кеновті, «Новое поколение» газетінің редакторы Г.Червинскийді, «Литер» газетінің редакторы Л.Тараковты, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның президенті Ж.Кенжалинді, «Мегаполис» газетінің бас редакторы И.Шахновичті және танымал публицист, «Айқын» газетінің бас редакторы Н.Жүсіптерді атап өтуге болады.
Журналистика факультетінде оқыту көп­сатылы жүйе бойынша іске асырылады:
1-і саты – бакалавриат;
2-і саты – магистратура;
3-і саты – PhD (докторантура).
Бакалавр жүйесіндегі мамандықтар: журналистика, қоғаммен байланыс, баспа ісі, дизайн, магистратура ма­ман­дықтары: журналистика, халық­аралық журналистика, қоғаммен байланыс, баспа ісі, докторантура тек журналистика маман­дығы бо­йынша мамандар әзірлейді.
Журналистика факультеті талапкерлерді шығармашылық емтихандары арқылы қабылдап, білім алушыларды жазу шеберлігі мен сөйлеу машығы жағынан сұрыптау мәселесін әрқашанда бірінші кезекте қа­рас­тырып келеді, сол арқылы болашақ ма­мандардың кәсіби білімі мен білікті­лігінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалап отырады. Биылғы оқу жылында да журналист болғысы келетін талапкерлер 1 шілдеге дейін құжаттарын тапсырып, 1 шілде мен 10 шілде аралығында жазбаша және ауызша емтихандар тапсырады.
Журналистика факультеті мемлекеттік ірі ғылыми жобалар бойынша гранттар ұтып алып, іргелі зерттеулер жүргізіп жатыр. Мәселен, ЮНЕСКО, халықаралық жур­налистика және қоғаммен байланыс үш қар­жыландырылатын жобаларға қатыс­ты: «Қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ұлттық идея және оның шығармашылық ізденістері», «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақ­стан трансформациясы мен заманауи жағ­дайдағы қоғам мәселелерінің ше­шімі», «Қазақстанның қазіргі ғылымы­ның негізгі даму бағыттары және мүмкін­діктері». 2012 жылы кафедра «Медиабілімберу» тақы­рыбы бойынша зерттеу жүргізу грантын ұтып алды.
Ал журналистика мамандығы бо­йын­ша баспасөз және электронды БАҚ ка­фед­расының оқытушы-профес­сорлары ҚР Білім және ғылым министрлігі 2012-2014 жылдар аралығына жариялаған «Ел­дің интеллектуалды әлеуеті бағдар­ламасы» бойынша «Интеллектуалды ұлттан-интел­лектуалды әлеуетке: бұқараға ақпараттық-коммуникациялық ықпал ету, технологияларды әзірлеу» атты, құны 12 млн теңге тұ­ра­тын грантты жеңіп алды. Қазір осы ба­ғытта іргелі зерттеулер жүргізіліп жатыр.
2011-2012 оқу жылының 1 қыркүйегі мен 1 сәуірі аралығында кафедраның ша­қы­руымен факультетте 16 шетелдік про­фес­сор-оқытушылар болып, олар факуль­тет ма­гистранттары үшін дәрістер курсын оқыды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құ­қық­тық тәрбиесі, оқу үрдісі және бағыт­тары, әлеуметтік-мәдени, ағартушылық, тәрбиелік жұмыстары университеттің даму туралы тұжырымдамасы жарғы арқылы қадағаланып отырады. Негізгі бағыт нарық сұранысына жауап беретін, кәсіби білімі бар мамандар мен тәрбиелі студенттерді оқытып шығару болып табылады. Студенттер арасында тәрбиелік жұмыстар атқа­рылуда.
2011-2012 оқу жылынан бастап факультетте «Зерттеуші» ғылыми үйірмесі, «Эйдос» драма үйірмесі, «Талапкер»  фото үйірмесі, «Жас заңтанушы» ғылы­ми-шығармашылық бірлестігі, «Тележурналистика мектебі», «Радиожурналистика мектебі», «Журналистика шеберлік мектебі», «PR-клуб», «Конвергенттік ньюсрум», «Экономикалық журналистика», «Интерпресс», «Құқықтық журналистика» сияқты үйірмелер жұмыстарын жүргізіп келеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті еліміздің ЖОО-лары­ның ішінде беделді орын ала отырып, әр­қашанда кәсіби мамандарды даярлау­дың қара шаңырағы болып қала беретіні сөзсіз.

Әлемнің 700 үздік университетінің арасында жүргізілетін Quacquarellі Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің рейтингі­сінің биылғы мәліметіне сай, ҚазҰУ дүние­жүзіндегі университеттер көрсеткішінде 200 орынға жоға­ры­лады. Яғни ҚазҰУ бір жыл ішінде топ-университеттердің 401-450 саты­сына көтерілді. Бұл ретте ҚазҰУ әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлі­гіне жақындаған Орталық Азиядағы тұңғыш университет болып саналады.

Журналистика факуль­теті халықара­лық ынтымақ­тас­тық­ты дамыту бағытында 2011-2012 оқу жылында Вайоминг университетімен (АҚШ) теледидар және радио қызметкерлерінің біліктілігін көтеру ин­ститутымен (Ресей), Карл Линней атын­дағы Шве­ция университетімен (Каль­мар қ.) (журналистика медиа­мектебімен), Н. Коперник ат. Торун (Польша) университетімен (бұқаралық коммуникация және халықаралық қатынастар факультеті), Оклахома универ­ситетімен (АҚШ), Стамбул уни­вер­ситетімен (Түркия), Анкара университетінің (Түркия) ынтымақтастық шартына қол қойған.

Есберген Алауханов, заң ғылымының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста