Жұматай Жақыпбаев жырлары асқақтады

Жұматай Жақыпбаев фото Massaget.kz

Алдағы жылы елімізде қазақтың көрнекті ақыны Жұматай Жақыпбаевтың 70 жылдық мерейтойы аталып өтпек. Ақын есімі мен өлеңді төрге оздыратын бұл мерейлі күнге дейінгі әдеби шаралар әлден-ақ басталып кетті.  
Осы орайда кеше Қазақстан Жазушылар одағында «Тағзым» клубының қолдауымен Жұматай поэзиясына арналған әдеби-сазды кеш болып өтті.
Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында жыр жалынына өртеніп өткен ақын Жұматай Жақыпбаев есімі бүгінде қазақ өлеңінің көгінде жарқырап тұр. Ақындық жолында музасына айналған Ләйләсін шыбытты жырларына арқау еткен шайырдың шығармашылығы өз оқырманын тамсандырмай қоймайтыны анық.  
Кешті Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай ашып, Темірхан Медетбек, Ұлықбек Есдәулет, Зейнолла Тілеужанов, Қуанышбай Құрманғали, Темірғали Көпбаев сынды қаламгерлер естелік айтып, Ағайша Исағұлова, Роза Әлқожа сынды өнер иелері ақын сөзіне жазылған әндерді орындады. Бұған қоса Өнер академиясының бір топ студенттері ақын өлеңдерінен құралған поэтикалық композиция ұсынды. Әдеби кешті белгілі ақын Әділғазы Қайырбеков жүргізді.
Кезінде айналасына таланттарды топтастырып, жыр Қағанатын құрған қаған Жұматайдың нояндары бүгінгі күні қазақ өлеңінің бір-бір жарқын өкіліне айналып, ұлт әдебиетіне барынша адал қызмет етуде.
Сөз соңында оқырманға Жұматай шайырдың әйгілі Ләйләсына арнаған сұлу жырларының бір үзігін үсынамыз:

Айыбым болса кеше жүр
Асқақтау жердің маралы.
Жырладым сені неше жыл
Жындантып неше қаланы?

Траптан түссең алға аттап,
Тәкаппар, асқақ түрменен.
Қалың ел сені ардақтап,
Қарсы алса деп ем гүлменен.

Дүние діні, тілі көп,
Дүрліге жылда той қамдап,
Ләйләнің туған күні деп
Ләйлісе деп ем мейрамдап.

Жетпеспін сонау арманға
Жеткенмен менде құдірет.
Ақынның тілін алған ба
Адамзат ауылы бір рет?!

Аталған шараның ойдағыдай өтуіне бар ықыласымен атсалысқан, Жұматайдың жары, ақын Зайда Елғондинова кеш соңында жырсүйер қауымға алғысын білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста