Жұлдыздар шынымен "ажырасып" жатыр ма: Маркетолог құпияны ашты

Трендтен түспей, ақшаны көп тапқысы келетін жұлдыздар арасында ажырасу көбейіп кетті. Шоу-бизнес өкілдері мен блогерлер әлеуметтік желі арқылы кірісін көбейту үшін түрлі оқиғаларды ойлап тауып, аудитория назарын өздеріне аударғысы келеді. Ондағы мақсат – курстарын сатып, табыс табу, деп хабарлайды Еуразия арнасы.

Охват, фоллоуер саны мен табысын арттыру үшін түрлі іс-әрекетке баратын шоу-бизнес өкілдері мен блогерлер тағы да бір әдіс ойлап тапты. Ол – аудитория үшін ажырасу. Мұндайды сарапшылар айтуда. Олардың пайымынша, жалпақ жұрттың назарын аударып, құлағын елең еткізетін кез келген оқиға алдын-ала жоспарланады. 

“Қазір сторителлинг деген техника бар. Қазір сол арқылы охват пен аудиториясын жоғарылатады. Өзінің өмірі туралы айтады. Соның ішінде ажырасу бар. Ол көп қозғалып кетті. Біреу шынымен ажырасып жатса, біреу өтірік істейді. Аудитория үшін соның жолын құрады. Сториде осылай шығамын, осылай айтамын деп жоспар құрады”, – дейді маркетолог Гүлфарам Тайпозова. 

Сторителлинг әдісі шетелде бұрыннан қолданылады. Оның түпкі мақсаты – өз табыстарын жоғарылату. 

“Мысалы Джей Ло мен Аффлек солай қолданған. Сол сияқты Ресейдегі жұлдыздар да қолданады. Соған көргеннен кейін, Қазақстанда бұндай жағдайлар көбейіп жатыр. Жұлдыз болсын, болмасын бәрі курс сатып жатыр. Бұл – сол курстарға алдын-ала дайындық жасау әдісі”, – дейді маркетолог. 

Ал қоғам белсендісі Қарлығаш Бекпатшаның айтуынша, қазіргі қоғам – атаң-даңқ үшін ештеңеден тайынбайды. 

“Біріншіден – өте ұят. Екіншіден – бала-шағасының, туған-туысының алдында, ел-жұрттың алдында жауапкершілік болу керек. Оның апары халықтың талқысына салады. Тіпті, ол болған күнде де өзің шешуің керек. Қандай жағдай болмасын. Ал болмаған жағдайды болды деп жариялау жамандықты шақыру болып есептеледі”, – Қарлығаш Бекпатша.

Ел алдында жүрген жұлдыздардың қосылып ажырасуы әдетке айналған. Кімнің рас, кімнің хайп үшін әдейі сторителлинг ойлап тапқанын ажырату қиын. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста