Белгілі актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова кезінде күйеуі Қайрат Нұртастан мәһірге не сұрағанын айтты. Төрт баланы дүниеге әкелген актриса келін атанған кезінде небәрі 19 жаста болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Жұлдыз Әбдукәрімова өзі жүргізетін "Оян" телебағдарламасында айтып берді. Мәһір жайында актрисадан әріптесі сұраған.
Осыдан 16 жыл бұрын еді. Мен ол кезде 19 жастамын. Білмеймін, негізі бізге ол кезде мәһірді не үшін, қалай сұрау керектігін дұрыс түсіндірген жоқ. Мен тіпті ұялып отырдым. "Керек емес" деп айттым, — деді ол.
Дегенмен өнерлі жұп некесін қидырарда қасында куәгер келіншек болып, сол кісінің айтуымен Жұлдыз Әбдукәрімова күйеуінен алтын алқа сұрапты.
Енді ол кісі тәжірибелі адам ғой. "Жұлдыз, ұялма. Онда бір алтын алқа сұра" деп айтты. Сосын мен "Гауһар тастармен көмкерілген алтын алқа болса" деп тапсырыс бердім, — деді актриса.
Отандық хитмен Қайрат Нұртас жұбайы сұраған мәһірді шаңырақ көтерген соң 2-3 жылдан кейін алып берген екен.