Жоқ іздеген жиналыс

Дүние-мүлік, мал мен жан ғана емес, бүтін бір ұрпақ та жоғалады екен. «Жоғалған» буын деген ұғымды алға тартушылар оған бір кездері кеңесшіл болған, кеңес үшін аштыққа, нәубетке ұшырап, сол идеологияның жетегінде соғысқан, соңында коммунизм дегеннің елес қана екенін білген, тіпті білмей де құрбан болған біздің аталарымызды, олардан туған балалар, яғни біздің әкелерімізді де жатқызады. Осы бір қоғамдық пікіртартысқа тамызық болып жүрген тақырыпты талқылауға кеше «Айтpark» қоғамдық-саяси пікірталас клубына белгілі жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков шақырылды.

Модератор Нұрлан Ерімбетовтің өзі бас­тап, жи­налған көпшілік қостап, жа­зу­шыға көптеген қызықты сұрақтар қо­йыл­ды. Соған сай бірнеше келелі мәселелер де қозғалды:

Жоғалған ұрпақ кім?
– Дулат аға, Сізге кейде болса да «бос­­қа өмір сүрген жоқпын ба?» де­ген ой келмей ме? Өйткені сіздің буын­ды бүгінгі ұрпақ коммунист бол­ған­да­ры­ңыз үшін кінәлайды, сіздерді тіп­тен «көп­теген саяси қателіктер үшін ха­лық­тан ке­шірім сұрасын» дейтіндер де бар. Бір қызығы, солай деушілерге бі­­ріңіз «не деп тұрсың, біз сендер үшін өмір сүрдік» деген жоқсыздар? Әл­де бұл үнсіздік солармен келісіп, әлдебір кі­нәні мойындағандарыңыз ба?


– Айтыңызшы, адам өзі өмір сүретін ке­зеңді, қоғамды таңдай ала ма? – деп бас­тады әңгімесін жазушы. – Мәселен, мен соғыс басталған жылы туылып, әкем­нің соғыста қаза тауып, анамның да сол кү­йіктен көз жұмғанын, сөйтіп шиеттей ба­ла-шаға жетім қалуды қалады дейсіз бе? Болмаса мен әкемді Сталинград тү­біндегі шайқаста қаза тапқаны үшін кі­нә­лауым ке­рек пе? Төрт жауынгер өмі­рінің бір вин­товкаға байланып, бірі тірі қалу үшін үшеу­дің оққа ұшуы керек болғанын бү­гінгі ұрпақ білмейді де ғой, білсе, бұлай орын­сыз күстәналамас еді, меніңше. Сіз со­ғысты мойындамайды деп кімдерді ай­тып тұрғаныңызды білмеймін. Бірақ, әйтеуір, мен білетін қазақ қан майданда қаза тапқан аталарын қастерлеп, оларды құрметпен еске алады әлі күнге. Білмеймін бұлай деуші ұрпақтың қайдан пайда бо­лып, кімнен туғанын. Сондықтан әр дәуірге өз биігінен қарап, сол биіктіктен баға беру керек. Әрине, коммунистердің қолы қан­ды еке­нін, ол биліктің қазақтарды аш­тық­қа, нәу­бетке ұшыратқанын мойын­дай­мын, онысын құп көрмеймін. Бірақ ол за­ман­да турашылдық, тәртіп болды. Ұрыны «ұры» деді, ол қылмысына қарай жазасын тар­тып, түрмеге жабылды. Ал бүгін ше, ұр­лығы ұлғайған сайын табысы молайып, ты­нысы кеңейіп, дәулеті тасып жатқан бі­реулер... Сіздер осындай қоғамда өмір сү­руді Тәңірден тілеп пе едіңіздер? Сол се­бепті «жоғалған ұрпақтың» кім екеніне еш­­қайсымыз да жауап бере алмаймыз.

Қазақтың заманауи «үш жүзі» қайдан шықты?
– Бүгінде қазақты «нағыз», «ша­ла» және «жаңа» деп бөлу сәнге ай­нал­ғандай. Бір қазақтың осылай бірін-бі­рі кінәлап, біріне-бірі менсінбей қа­рап, іштей бөлінуі қайдан шықты?
– Тіл мәселесінен шықты. Кезінде қан­дай жағдайлар осы бір мәселенің шы­ғуына себеп болды дегенді қа­рас­тыр­ған­­да, кеңестік саясаттың азшылық ұлт­тар­­дың тіліне жасаған қысымы, қазақ мек­тепте­рі­нің жабылып, тіпті астана бол­­ған Ал­ма­ты­ның өзінде жалғыз қа­зақ мектебінің қал­ған­дығы алға тарты­ла­ды. Сол тұста қазақ мек­тебінің жалғыз бол­ғаны үшін мақ­тан­ғандар қазір сол мә­се­ле­ні алға тартып ақ­та­лады. Кінәні өз­ге­ден іздеп, жетістікке та­ласу пенденің әдеті емес пе?! Әйтсе де қа­зақ тілінің жағдайын айтып, алғашқы бо­лып жоғарғы жаққа хат жазған Жазушылар ода­ғы, атап айт­қан­да, Шона Смаханұлы бас­таған ақын-жа­зушылар болатын. Сол кез­де тіпті жа­ңадан мектеп ашпақ түгілі, мон­ша сал­дыру үшін Мәскеудің рұқсаты ке­рек еді. Ал Мәскеу бізді осы әрекетіміз үшін «қа­зақ жазушылары Кремльге қар­сы бой көтерді» деп айыптады. Арыға бар­май-ақ, «Арасан» моншасын алайық, «ке­зінде Қонаевтың өзі салдырған» деп мақ­танамыз. Қазір жай ғана бір монша сал­дыруға ел басшысы кірісті десе, кім сенеді? Көрдіңіз бе, заман қандай болды?! Бірақ «мектеп болмады» деген – жай сылтау, ақталу ғана. Әйтпесе, біз­де өзге ұлт өкіл­де­рі де тұрды ғой, со­лар­дың бірде-бір мек­тебі болмаса да, олар өз тілдерін сақ­тап қалды. Менің ар­мян көр­­шім болды, мә­селен, мен со­ларға сүй­сі­нетінмін. Ше­шен­дер, ұйғыр­лар т.б. ұлыс өкілдері осында жер ауда­ры­лып келсе де, өзінің ұлт­тығын жоғалт­пай­ды да, өз елімізде отырған біз жоғалтамыз.

Түйін
«Сезікті секірер» дегендей, бір қызығы, осы отырыстың өзінде «батыр қызымыз Әлия Молдағұлова да бір ауыз қазақша білмеген, бәлкім, оны да шала қазақ атандыратын шығарсыздар» деп іштей наразылықтарын айтып салғандар болды. Осындайда Абайдың «біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» де­ген сөзі ойға оралады. «Жоғалған ұр­пақ» та, «шала қазақ», «жаңа қазақ» та бас­қа емес, қазақтардың өздері шығарған мә­селе емей, немене?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста