Жоғары мектеп: корпоративтік басқару жолында

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен Бақылау кеңесінің бірінші отырысы өтті. Іс-шараны тек университеттегі жаңалық деп емес, сондай-ақ отандық білім беру жүйесіндегі жаңалық деуге болады. Жоғары оқу орындарында Бақылау кеңесін құру – білім берудегі басқару жүйесінің мемлекеттік-қоғамдық қалыптасуындағы маңызды дүние.

Бақылау кеңесі жұмысының іске асуы 2011-2020 жж білім саласын арттыруға жасалған мемлекеттік бағдарламаға сай жасалған. Бақылау кеңесі халықаралық тәжірибеде әзірленген, білім және ­ ден­саулық сақтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарды корпоративті басқарудың жаңа формасы. Білім саласында бақылау кеңесі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситеті, Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни­верситеті және Қазақ ұлттық аграрлық университеті сияқты төрт ірі жоғары оқу орындарында құрылған. Бақылау кеңесінің мән-мазмұнына тоқ­талған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов: «Бақылау кеңесі жұмысының нәтижесі отандық ғылым және білім кеңістігінің болашағына, дамуына әсер ететін үлкен маңызға ие. Бұл саланы әлемдік деңгейде мойындатуымыз да осы кеңеске ­»,  – деп атады. Сонымен бірге министр бақылау кеңестері жұ­мыс жасай­тын жоғары оқу орындары болашақта бір үлкен авто­номияға айна­латынын, бұл бағытта олар министрлікке емес, тек осы бағытқа ғана бағынатынын тілге тиек етті.
Бақылау кеңесінің бірінші отырысында ректор Ғалымқайыр Мұтанов Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дағы даму стратегия­сының жоспары жайында баяндап, Қазақ ұлттық университеті қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар жасады.
Бақылау кеңестерінің негізгі міндеті  – мемлекеттік бақылауды қоғамдық ба­қылауға өзгерту. Сондықтан да бақылау кеңестері министрлікке жоғары оқу орны­ның даму жоспарының жобасы бойын­ша және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды беру, даму жоспарының орындалуы туралы есептің жобасын келістіру, жоғары оқу орнының жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту, демеушілік, қайырым­дылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде жоғары оқу орнының иелігінде қалатын таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдауға өкілетті. Сонымен бірге бюджеттік қара­жаттар мен қосымша көз­дерден алын­ған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшін жоғары оқу орнының және оның құрылымдық бөлім­шелерінің құжат­тарымен кедергісіз танысады және көр­сетілген қаражаттың нысаналы пайда­ланылуын тексеруді жүзеге асыру үшін министрлікке ұсыныстар енгізу, жоғары оқу орны қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстарды тұжы­рымдау сияқты өкілдіктерді қамтиды. Бақылау кеңесінің тағы бір басым бағыты кадрлар сұрақтарын шешуге де құқылы, олар университет ректорларын ауыстыру мен тағайындауды да ортаға салып ақыл­даса алады.
Жоғары оқу орындарының бақылау кеңесінің қаншалықты тиімді жұмыс атқа­ратындығы бүкіл білім беру жүйесінде корпоративті басқаруды енгізуден белгілі болмақ. Бүгінде білім саласындағы өзгеріс­тер мемлекет, қоғам және бизнестің өзара әрекеттесуін қалыптастырады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста