«ЖІГІТТЕР» квартеті: Біз, негізі, балалықпен қосылған топпыз, бізді есейткен – сахна

«ЖІГІТТЕР» квартеті: Біз, негізі, балалықпен қосылған топпыз, бізді есейткен – сахна

Ең алғаш 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқауында бақ сынап, өздерінің әншілік қырымен көзге түсіп, сол шабыт арқаландырып Алматыға, үлкен сахнаға келген «Жігіттер» квартеті бүгінде бүкіл қазақ әндерін іздеп жүріп тыңдайтын топқа айналғаны баршаға аян.  Алғаш «Ерке қызбен» шыққан бозбалалар – бүгінде бір-бір үйдің отағасы.
Шығармашылықта жүрген он шақты жылдың ішінде «Жігіттер» жиі ән жаздырып, жаңа бейнеклиптерін ұсынып жүрді. Енді таяуда, қазан айының 5-і күні топ өздерінің жаңа, екі таспадан тұратын әнжинағының тұсаукесерін жасағалы жатыр. Осы оқиға қарсаңында біз «Жігіттерді» сөзге тартқан едік.

– Жаңа ән топтамасын шығарған екен­сіздер, құтты болсын! «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, бұл топтаманың бұған дейінгілерден өзгешелігі неде?
– Жалпы, біз Еркін бауырымыз топтан бө­лек еншісін алып, өнерде өз соқпағын бас­тағалы, яғни Мырзахандай жаңа әншіні тобымызға қабылдағалы, біз әлі жаңа әнжинақ шығармаған екенбіз. Ол егер, естеріңізде болса, 2008 жыл болатын. Зымыраған уақыт, көзді ашып-жұмғанша арадан өте шыққан үш жылда, шүкір, біз де өндіре жұмыс істеп тастағанымызды енді байқап отырмыз. Себебі осы бір топ­та­ғы жаңа кезең басталғалы жазған ән­де­ріміз бір емес, екі бірдей топтама шы­ғар­лық­тай жиналып қалыпты. Бұл дегеніміз –  әр жинаққа 16-дан есептегенде 32 жаңа ән деген сөз. Оның біразы халық әндері болса, қалғандары Ержан Серікбаев, Ер­бол Спанәлиев сынды бізбен тығыз жұмыс істеген сазгерлер мен елімізге белгілі ақын­дардың еңбегінен тұрады.
–   Алғашында албырт шақта, бой­дағы жігер мен дарынды ұштастырып, қа­зақ эстрадасының есігінен имене аттаған «Жігіттер» мен қазіргі қазақ сах­насының төрінен орын алған «Жі­гіт­­терді» салыстыра аласыздар ма? Ба­ғыттарыңыз, беталыстарыңыз тура сол бастапқыдай ма, әлде өмірдің өзі басқа арнаға бұра тартқан тұсы болды ма?
 – Өмірдің бір қалыпта тұрмасы анық, жаңа туған сәбидің жігіт боп өсіп, одан ақыл тоқтатқан азамат, біртіндеп шау тарт­қан шал болатыны өмір заңы екені қан­дай ақиқат болса, адамның да сол әр жаста әрқалай ой топшылауы өздігінен айқын­да­лып сала береді.  Шыны керек, біздерді қос­қан бір кездегі балалық қой. Әлі өмір­ден өз жартысын таппаған балаң жігіттер ли­рикаға жақын, махаббат жайлы ән айтады ғой. Ә дегеннен алып шыққан «Ер­ке қыз» әні өзіміз секілді жастарды елі­тіп қана қоймай, қаншама ғашық жүрек­тер­дің отын жағып, қаншама жүректерді қос­қан, қаншамасын жұбатқан да болар. Одан кейінгі «Арман-ай» да, сол сияқты ән­дерді біз кезінде жұртқа жеткізе біл­генімізден шығар, бәлкім, бүгінгі дәрежеге жеткеніміз. Қазір де, әрине, лирикалық әндерсіз бол­май­ды, бірақ біртіндеп ойлы, салмақты ән­дерге ойысқанымызды өзіміз де, өз­де­ріңіз де байқаған шығарсыздар. Айталық, ал­ғаш халық әні «Бұлбұлымды» орындап, сол арқылы өзіміз де дүние, жалған жайлы ой тоқтата бастадық десек болғандай. Сонан соң, Ақан серінің «Бал­қа­дишасы» да бір қарағанда махаббат жай­лы, бірақ ғашықтық дертке тұнған, мұң­ды ән. Осы арқылы біз жасты да, орта жастағы апа-аға­ларымыз бен үлкен буынды да қам­ты­ғымыз келеді.
– Мұнымен қоса, бәлкім, қоғамның ық­палымен топтағы жігіттер түгел дер­лік намазға келгенін білеміз. Оны өздеріңіз де жасырмайсыздар. Осы мәселе де сіздердің шығарма­шы­лық­тарыңызға қандай да бір өзгеріс әкеліп немесе өзіндік ерекшелігін туғызды ма?
– Дінге келгелі деп емес, намазға кел­гелі деп сөйлегеніміз жөн секілді, себебі ислам дінінде баршамыз туылғалы беріміз. Шығармашылық пен иманды ұштастыра бі­лу қайта бізді көп нәрсені оңайлатып, көп нәрсені дұрыс түсінуге мүмкіндік бер­ген­дей. Бір ғана мысал, бұрын біз ән сөзін дә­л қазіргідей талаппен тал­қы­ла­май­тын­быз. Бұл – бір, екіншіден, өнердің өзінде де таза жүргеніңді, жан дүниеңнің көп зиян­ды әрекеттерден аулақ болатынын се­зін­есің.
– Ал енді әңгімені қайта әнжинақ жа­йына бұрсақ, екі таспа бір-бірінен не­сімен ерекшеленбек? Әлде екеуі бір­дей, тек бір жинаққа сыймаған соң, жал­ғасы іспетті, екеуі бірін-бірі то­лықтырып тұрмақ па?
– Біз екі жинаққа екі темптегі әндерді іріктеп алып отырмыз. Бірі – тез ырғақты, былайша айтқанда, билеуге де болатын, көңілді әндерден тұрады. Оны біз «Туған жер» деп атасақ,  екіншісі халық әндері, ха­лық композиторларынң әндері, сондай-ақ қазіргі заманның да сазгерлері шығарған ой толғауға құралған, салмақты әндер топ­тамасын біз «Балқадиша» деп атауды жөн көрдік. Бізге дейін де, әрине, орын­дау­шы­лар болды, бізден артық орындайтын аға-апа­ларымыз да бар, бірақ біздің орын­да­уымызда да бұл әнді халық ерекше ықы­лас­пен қабылдады.
–   Бастапқыда, әрине, кез келген ән­­ші өзін таныта білетін, бағын ашатын ән­ді өзі іздейді, нағыз өз әнін тапқан ән­­шінің де, орындаушысын тапқан әннің де бағы ашылатынын өмір өзі дә­лелдеген. Бұл жағынан, шүкір, «Жі­гіт­тердің» жолы болғанын айтып жа­ту­дың өзі артық шығар, ал енді бүгінде ән­нің өзі сіздерді іздеп келетін шығар? Яғни авторлар әнін өздері ұсынып де­гендей, бірақ ән іздеуді қоймаған шы­ғар­сыздар сонда да? Тіпті біреудің орындап жүргені кейде қатты ұнап қа­латын кездер бола ма, соны өз­де­рі­ңіз­дің орындауға деген құштарлық оя­натындай?
 –  Авторлардың хабарласатыны да рас, көңілдерін қалдырмай алып тың­дай­мыз, кейде олардың арасынан өз әнімізді табатын да кездеріміз болып жатады. Кө­бі­не Ержан Серікбаев ағамыз ән ұсынады, ол кісі бізге не керегін меңгеріп алғандай, ұсын­ған әндері, шынында да, бізге жақсы сәй­кес келеді. Әрине, одан бөлек, өз бе­ті­міз­ше де ән іздеуді қойдық десек, күпірлік бо­лары сөзсіз. Өзімізге дейінгі әншілердің ре­пертуарынан да кейде бір әндерді орын­дауға құштарлық оянатын кез болады. Мы­салы, біз соңғы кездері Мәдина Ера­лие­ва апамыздың орындауында танылған «Қош енді, қош бол, күрең күз», «Ай­қа­ра­көз» әндерін қатты ұнатып, өзіміз айтып шық­тық.
–  Әншілер жайлы әртүрлі алып-қашпа әңгімелер шығып, соның шы­­нынан гөрі өтірігі басым түсетін батыстық папарации бүгінде бізге де келген. «Бәлен әнші апатқа ұшырап, қаза тауыпты» деп әлдекімді сыртынан өл­тіре салу немесе сол сияқты «Мей­рам­бек мүлдем әннен кетіпті» болмаса «МұзАрт бытырап кетіпті» деген сияқты сөздерді кейде пиар үшін де шы­ғаратын сияқты. Егер де күні ертең «Жігіттер» тарап кетіпті» десе, сенейік пе соған? Жалпы, сіздер әу баста «бә­лен жылға дейін бірге боламыз» деп келісімшарт не сол сияқты құжатқа қол қойғансыздар ма, әлде?..
–  Жоқ, адам өзі дүниеге келер тұста «мен бәлен жыл өмір сүремін» деп немесе сол сияқты бәлен күні бәлен нәрсе болады деп өз болашағын болжай алмайды ғой. Бәрі де Алланың қалауымен болатын нәр­селер. Сол сияқты біз де бастапқы құрылған сәт­те, тіпті өзіміздің осы кезімізді болжай алатын жағдайда емес едік. Біз, негізі, ба­ла­лықпен қосылған топпыз. Мектеп жа­сынан бірімізді-біріміз танитын бір ауыл­дың, қала берді, көрші ауылдың балалары қа­лаға оқуға келген соң, бірге ән салып жүрдік те, бір сәтте тәуекел деп бірге ән ай­тып кеттік. Оңтүстік төрінде әндетіп жүр­ген біз тіпті Алматыға келеміз деп те ой­лаған жоқ едік бір кездері. Әрине, үлкен сахналарда ән айту ар­манымыз бол­ды. Аллаға шүкір, қазір оған да жеттік. Ал ен­ді топтың тарқау-тар­қа­ма­уы дегенге кел­сек, бізде ондай ой жоқ, ара­мыз жақсы, та­тумыз, алайда күні ертең, әрі-беріден ал­ғанда, бірер минуттан соң не болары тек Жа­ратқанға аян.
 – Өздеріңізге сын көзбен қа­рай­сыз­­дар ма? «Сырт көз – сыншы» деген пі­кі­рг­е қалай қарайсыздар, сынды  қабыл­дай ала­­сыздар ма?
– Өзімізге сынмен қараймыз, «мына жер­­лерің мынадай екен» дейтін адам та­бы­лып жатса, ондай сынды да қа­был­даймыз.
– Осы тұста айта кетсем орынды шы­ғар, халық арасынан «Жігіттер» «Бал­қа­ди­шаның сөзін бұзып орындап жүр» деген пі­кір естіп қаламын. Осын­дай сөзді өз құ­лақ­тарыңызбен есті­ді­ңіз­дер ме? Бұрыс орындаған жер­ле­рі­ңіз­ді түзеттіңіздер ме?
– Мұндай сынды естідік, айтарымыз – біз мектепте «Балқадишаның» сөзін осы­лай жаттадық. Ал кейін осы әнді шы­ғар­ған­нан кейін әлгіндей қате жерлерін тү­зе­ту­шілер табылды да, біз терең қазып зерт­теп көрдік. Сөйтсек, оқиға шын­ды­ғында бас­қа екен. Балқадишаны 85-тегі шалға бермеген, Ақан серінің өзі шығарған нұс­қа­сында ондай сөз жоқ дейді. Дәстүрлі әншілер де, ақантанушы көкше­таулық аға­ларымыз да.
– Сонымен, түзеттіңіздер ме сол жерін?
– Жоқ, сол орындауда қалды. Себебі халыққа тарап, сіңіп үлгерді ғой.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста