Жетісуда айтыс ақындарының бірлестігі құрылады

Талдықорғанда алғаш рет айтыс ақындарының конференциясы өтті. Жиын барысында белгілі болғанындай, өңірде ұлттық өнердің өрісін кеңейту мақсатында айтыскер ақындардың бірлестігі құрылмақшы. Жаңа одақ жас ақындарға қамқорлық көрсету, оларды тәрбиелеу міндеттерін мойнына алмақ.
Алматы облыстық халық шығар­ма­шы­лығы орталығының директоры Қуаныш Сү­лейменовтің айтуынша, Алматы облы­сы­нан шыққан республикаға танымал ақын­дар Надежда Лушникова, Айтақын Бұл­ғақов, Жұматай Әміреев сынды айтыс май­талмандарының жас таланттарды тәр­биелеуіне мүмкіндік жасалмақ.
Расында, күні кешегі Сүйінбай, Бақ­ты­бай, Сара, Жамбыл бабаларымыз туын жық­паған алтын өнер – айтыстың бүгінгі күні Жетісудағы жайы көңіл көншітерлік емес. Оған аға буын арқалы ақындар да, өнер жанашырлары да алаңдаушылық біл­ді­ріп, бірлестік құру бастамасын қол­дай­тын­дарын айтты. Ұйымға халық шы­ғар­ма­шы­лығы орталығы жетекшілік етеді. Оған майталман ақындарды мүшелікке енгізу жоспарланып отыр. Бірлестіктің алғашқы кірісетін ісі – жақын күндерде ақын Қал­қа Жапсарбаевтың 100 жылдығына орай өтетін республикалық ақындар айтысына жас дарындарды дайындауды қазірден бас­тамақ.
Айтақын Бұлғақов, айтыскер ақын:
– Жалпы, Алматы облысында айтыс ақындарының деңгейі төмендеп кетті. Өңірде Балғымбек Имашев пен Жан­дар­бек Бұлғақовтан басқа айтыс ақын­да­ры үлкен дәрежеде өнер көрсете ал­май жүр. Бізде үш бірдей өнер мектебі бар. Бірақ сол айтыскерлерге дәріс бе­ріп жатқан мұғалімдердің өзінің білім са­пасын көтеруіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста