ЖЕТІСУ ТӨРІН ЖЫРҒА БӨЛЕДІ

©Жұмабай Мысабеков фотолар

Айтыстың кезекті додасы Талдықорғанның төрінде өтті. Бұл жолғы айтыс партияның 15 жылдығына арналып, «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» тақыбын арқау етті.
Бұған дейін Астанада дүбірлеген аламанды нұротандықтар өңірлерге де шығарып, ел ішінде өткізуді де мақсат еткен екен. Қазақстанның жеті өңірінде өткізу жоспарланса, соның алғашқысы болып Жетісудың таңдалғаны да жайдан-жай емес.
Бұл - кешегі сөз сүлейі Сүйінбай, жыр алыбы Жамбыл, Бақтыбай мен ақын Сара сияқты саңлақтарды дүниеге әкелген топырақ. Сол айтыс өнерінің алтын арқауын жалғаған Есенқұл Жақыпбеков, Надежда Лушникова, Оразәлі Досбосынов, Айтақын Бұлғақов, Балғымбек Имашев, Жандарбек Бұлғақов сынды арқалы ақындарды жырсүйер қауым жақсы біледі.
Талдықорғанға табан тіреген азулы он ақын мен қазылық етуге келген бірқатар қайраткерлерді алдымен облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқанов қабылдап, жылы лебіздерін жеткізді.
- Таңдайына өлең қонақтаған жастардың дарынын дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, жас буын ақындарды тәрбиелеуге облыста жете мән беріледі. Жыл сайын Мұқағали, Ілияс оқулары, жыр мүшәйралары, Жамбыл атындағы республикалық жас ақындар айтысы ұйымдастырылады. Бүгінгі сөз сайысы сол жас буынның бойына патриоттық сезімін ұялатып, намысын шыңдайтын, еліміздің, жеріміздің жетістіктерін, ұлттардың татулығын, тәуелсіздіктің жемісін жырлайтын айтыс болады деп ойлаймын, - деді өз сөзінде. Қонақтарға Жетісу туризмін насихаттауға арналып басылған табиғат тамашалары жайындағы 11 томдық кітапты сыйға тартты.

Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында жеребе негізінде жұптары анықталған ақындар жыр көрігін қыздырды. Алдымен Айнұр Тұрсынбаева мен Сағадат Нұрманбетов сахнаға көтерілді. Екеуінің арасындағы әңгіме құрдастар қалжыңына құрылды. Мұнан соң оларға конверт ұсынылып, ондағы берілген тапсырма - суретке қарап айтысты. Шірік алма суреті төңірегінде елдік мәселелер емеурінмен жеткізіліп, біраз әңгіменің басы қайырылды.
Екінші жұп осы айтыстың көрігін қыздырған, Мәдениет үйін нағыз ду-думанға бөлеген айтыс жасады. Жандарбек Бұлғақов пен жас ақын Сырым Әуезхан бір-бірін әдемі әзілмен қағытуды халықтың бірлігі, ел тұтастығын мәселелерімен қабыстыра жырлады. 
Менің тісім несіне қисық дейсің,
Тас шайнап, тал кемірген ештеңем жоқ.
Қисайып кетті менің барлық тісім,
Тілдері қисықтарға тістенем деп, - деп келетін Сырымның сөздері бүгінгі жас тұлпардың хас тұлпар болатынын аңғартты. Ақындар өтірік өлең тапсырмасына да көсіле шапты. Тұтас айтыс барысында бір-бірін іліп әкетіп отырған екі ақын бір-бірін толықтыра түсіп жарыса жырлады. Тіпті олардың арасындағы байланыс бір сәтке үзілген жоқ десе де болады. Екі ақын мен көрермен үштігін жіпсіз байланыстырып, сарай ішін салтанатқа бөлеген қайран сөздің құдіреті-ай, десеңізші! 
Үшінші жұп Бекарыс Нұриманов пен Рүстем Қайыртайұлы, Серікзат Дүйсенғазы мен Дидар Қамиев, Балғынбек Имашев пен Қытайдан айтысқа арнайы келген қандасымыз Арзыгүл Қайымбекқызының айтысында да, көрші елдердегі бүліктерді, саяси мәселелерді мысалға келтіре отырып, елді бірлікке үндеген ойлы тіркестер аз болған жоқ.
Арзыгүл Қайымбекқызы шеттегі қандастардың елге оралу, азаматтық алу жайын жырға қосып, оларға өзге елде «бес жыл емес, бес сағат кешіккенінің өзі қауіпті» екенін астарлап жеткізді.
Бұл ақындарға да бейнесұрақ, қайым айтыс тапсырмалары беріліп, соған сәйкес сөз сайыстырды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тіл жанашыры Оразгүл Асанғазы, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы Мақсат Тәжімұрат, «Асыл арна» телеарнасының директоры, ақын Мұхаметжан Тазабеков, Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Әміре Әрін, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Нүсіпбай Әбдірахым қазылық еткен айтыстың бас жүлдесі Сырым Әуезханға беріліп, жеңімпаз 2 млн. теңге ақшалай сыйлық қанжығалады. 1-ші орын алған Жандарбек Бұлғақовқа 1,5 млн. теңге берілді. 2-ші орынды Дидар Қамиев (1 млн. теңге), 3-ші орынды Арзыгүл Қайымбекқызы (750 мың теңге) иеленді. Жалпы айтыстың жүлде қоры 8 млн. теңгені құрады.
Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Қошанбековтің айтуынша, айтыстан түскен қаржы ауыр сырқаты бар жетісулық бір жанның шетелге емделіп қайтуына көмек ретінде ұсынылатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста