«Желтоқсан желі» егілтті елді...

 Дың-дың! Қып-қызыл қан түстес Кремль «уақыт үкімін мен айтамын» дегендей маңдайындағы жалғыз көзі іспетті сағат тілін бір соқты. Соны күткендей, радиотораптан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Мәскеу хабарлайды», – деп басталған өктем үн Қазақстанның Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қызметінен босатылып, оның орнына Колбиннің келгендігі жайлы бір суыт хабарды суық су секілді төгіп кеп жіберді. Араға бір күн салар-салмас ақ қар, көк мұзы сірескен Алматы алаңы қарақұрым халықтан көрінбейді. Тұла бойды қарыған сарышұнақ аязда қолдарына «Әр ұлтқа – өз көсемі», «Бостандық. Теңдік. Демократия» деген жазуы бар ұрандарды ұстаған қазақ жастарын кенет мұздай қаруланған топ келді де, ай-шайға қарамай, сабай бастады. Әлгінде ғана қаннен-қаперсіз алаңсыз тұрған жастар жағы үдеріп, соққыдан есеңгіреп, алаң азан-қазан болып кетті.

1986 жылдың Желтоқсанын көзбен көрмей-ақ, театр сахнасынан тамашалап отырған біздің тұла бойымыз тітіркеніп, көз шарамыз жасқа толып кетті. «Желтоқсан желі» деп аталатын бұл драмалық туындының авторы Серік Асылбеков болса, режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Мұрат Ахманов.

Қазақтың барлық мұңы мен зарынан туған «Елім-ай» қойылғанда ел басына туған сол бір қаралы күн көз алдымызға келді. Бұл кезде оқиға Алматының бір пәтерінде өрбіп жатқан. Алаңдағы көтеріліс арасынан сытылып шыққан Қайсар мен Ақмарал жандалбасамен биік үйлердің біріндегі ашық тұрған есікке ене жөнелген. Бақтарына орай ол бір қазақтың, қазақ болғанда да, өзі де қуғын-сүргіннің ащы дәмін татқан Баймырза сынды тарихшының үйі болып шығады.

Режиссер (Мұрат Ахманов) осы тұста ұлтымыздың басынан өткерген екі бірдей нәубетін екі буын өкілінің диалогы арқылы өте орынды тоғыстырған. Сол арқылы қай заманда да қазақтың бас көтерерлерін бұғау салып еңсесін езіп отырғанын көрермен шын сезінеді. Сондай-ақ Қайсар сынды кейіпкер арқылы халқымыздың бұрымдысын жау қолына бермейтін құрықты ұлының тілімдей жер үшін, еңіреген елі үшін қасық қаны қалғанша күресетін қайсар рухын көрсетуді көздеген. Ал Ақмарал – қазақтың «жаным – арымның садағасы» дейтін, халқының басына қара бұлт үйірілгенде үйде отыруды ар санайтын нағыз қазақ қызының бейнесі. Бірақ, бір өкініштісі, қойылым соңы мынадай көріністермен түйінделген: бір қазақ қысылтаяң шақта жастарға араша түссе, екінші бірі – коммунизм үшін Құдайынан безген қазақ оларды сатып береді. Сол тұста тіпті орыс ұлтының өкілі де сатқын міскіннің бетіне түкіреді.

Қойылымның «Желтоқсан желі» деген атауынан бастап, режиссерлік шешімі де ұтымды шыққан, басты кейіпкер Қайсардың рөліндегі Жұлдызбек Жұманбай мен Ақмаралды сомдаған Сәния Ерзатқызы да шынайы кейіпке еніп, көрермен жүрегінен жол таба білді. «Мен кандидат наукпын, өлсем де партбилетімнен айырылмаймын» дейтін сатқын қазақ Тимур Қалдыбаевичтің рөлі  Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Сәкен Рақышевтың сомдауында керемет нанымды шықты. Осылайша жұртшылыққа аз да болса кешегі өткен Желтоқсан көтерілісінің мән-маңызын түсіндіріп, бүгінгі Тәуелсіздіктің құнын көтеру керек-ақ! Осының өзінде оқиғаға сырт қарап, жылайтын жерде мырс-мырс күліп отырған жастар жағы кездесті. Оған, бәлкім, олар кінәлі емес те шығар...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста