«Желтоқсан түні» қойылымы неге сахналанбай қалды?

16 желтоқсан күні Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында «Желтоқсан түні» атты драма қойылмады. Театрға жиналған көрермендерді қараңғылық күтіп тұрды. Жарық спектакль басталуға 5 минут қалғанда жанды.
«Бұл техникалық ақауға байланысты орын алды»,- дейді театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері Дунай Еспаев.
«Сол күні жарық таңғы үште өшіпті. Михайлов шағынауданы бойынша жарық болмады деп естідім. Құзырлы мекемелерге хабарладық. Техникалық ақауды жөндегенше осынша уақыт кеткен болар. Біздің міндетіміз қойылымды сахналау. Басқасына жауап бермейміз. Ал қойылымға 5 минут қалғанда әртістеріміз грим жағып, сахнаға декорация орнатып үлгермейді. Сол себепті аса қадірлі көрерменнен кешірім сұрадық», - дейді Д.Еспаев.
Көркемдік жетекшінің айтуынша, театр қойылымы болатын күндері жарық сөніп қалатын оқыс оқиғалар жиі болып тұрады.
«Желтоқсан түні» қойылымы осымен бесінші жыл сахналанып келеді. Көрерменнің ықыласына бөленген қойылым жыл сайын мереке күндері тегін қойылады. Биыл бірінші рет дәстүрден жаңылды.
«Сол күні қойылымды тамашалай алмаған көрермендерді 31 желтоқсан күні шақырамыз, «Желтоқсан түні» драмасын сіздер үшін арнайы қоямыз»,- деді Д.Еспаев.
Айта кетейік, сол күні С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына іргелес «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы ғимаратында жарық өшпеген.

bnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста